№ 27 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Қонжық қалай шынықты? (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Қозғалыс үйлесімділігі дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері: самокат тебуді үйрету, бір аяқпен жердің бетінен күшпен итерілу. «жыланша» жүріске және жүгіруге жаттықтыру, заттарды оң жақтан және сол жақтан айналып өту қабілетін жетілдіру. Қимылдарды саппен орындау қабілетін қалыптастыру. Қолды бастан жоғары көтеріп шапалақтап, ырғақпен секіруге жаттықтыру (аяқтары бірге, аяқтарының арасын ашып). Жалпақтабанның алдын алу – табандағы буындардың қозғалғыштығын арттыру. Организмнің жалпы төзімділігін, ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту.