Денешынықтыру



бет146/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

«Ұшты, ұшты» ойынын ұйымдастыру.
Ойын тәртібін түсіндіру. Заттардың қазақ тіліндегі атауларын атау (ұшатын, ұшпайтын
заттар)
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.

  1. Қорытынды кезең (Рефлексия).

Ойын: «Кетті, кетті орамал» (орамал орта тұсынан түйілген).
Педагог беторамалдардың балаларға дені сау, көңілді болуға көмектескенін айтады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 23


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті орамалдар. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Бой түзулігінің бұзылуының профилактикасы, үйлесімділік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: басына қап қойып, жіпті бойлай жүруге үйрету (дене сымбатының бұзылуының алдын алу). Еңбектеген кезде қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білу қабілетін нығайту, таяқшаның астынан еңбектеп өткен кезде оған денесін тигізбеуді үйрету; ептілік қабілетін дамыту. Жылдамдықпен оңға және солға бұрылып секіруге жаттығу. Денешынықтыру сабақтарына қатысты жағымды көзқарас қалыптастыруды әрі қарай жалғастырамыз. Өз денсаулығын күтуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: орамалмен жалпы дамытатын жаттығуларды, төбесіне құм толтырылған қапшық қойып, жіпті бойлай жүру жаттығуларын. түсінеді: орамалмен қалай ойнау керектігін, қапшық құлап кетпес үшін басты қалай дұрыс ұстайтынын, дауылпаздың соққысымен үйлесімді қимылдауды, қозғалыстарды педагогтің тапсырмасы бойынша орындауды. қолданады: 8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, оңға, солға бұрылып секіру, тізбекте жүру және жүгіру, тепе-теңдік сақтау қабілетін.
Құралдар мен материалдар: бала санына қарай диаметрі 20 см доптар, ұзындығы 2 м жіп – 2 дана, биіктігі 40 см текшелер – 4 дана.
Билингвалды компонент: түрлі түсті орамалдар – разноцветные платочки, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балалардың назарын залдың периметрін бойлай тасталған түрлі түсті орамалдарға аударады. Ойын түріндегі жаттығу: «Кім зейінді?»
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жасырынбақ».
Жан-жақта «шашырап» жүру, қолдарына орамал ұстап аяқтың ұшымен жүру. Шеңберге тұрады. Орамалмен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (беторамалдарды саусақтардың ұшымен ұстайды, шынтақтарын түзу ұстау керек).
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген сырықтың астымен еңбектеп өту жаттығуларымен кезектестіріп орындайды. Тапсырма – орамалды залдың қарсы бетіне алып өту – орамалды басына қойып еңбектеп өту. Балаларға берілетін команда: «Маған қарай еңбектеп кел!».
Тепе-теңдік сақтау – төбесіне құм толтырылған қапшық қойып, жіп бойымен жүру.
«Түсіріп алмай, алып кел!» ойыны. Нұсқау: тапсырманың дұрыс орындалуы дене мен басты дұрыс ұстауға тікелей тәуелді (егер бас сәл алға қарай еңкейсе, қапшық түсіп кетеді; тепе-теңдік сақтау және табанды жіптің үстіне қою.
Бір орында оңға және солға бұрылып секіру. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Секір-бұрыл».
Ойын: «Шарлар мен бағандар» Ойын шарттарын еске салу. Нұсқау – шарды асықпай, жаймен домалату қажет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ қорытады. Балаларды ынталандырады. Ойыннан кейін балалардың көңіл күйі көтеріліп, сергіп қалғандарын атап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет