Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Орамал
Мақсаты: Қазақ ойындарын пайдалану арқылы қозғалыс тәжірибесін байыту. Міндеттері: алақаны мен табанына сүйеніп төрт аяқтап еңбектеуді, еңбектеген кезде көтерілген заттың биіктігін ескеруді үйретуді жалғастыру, ептілікке баулу. Допты төменнен жоғары қарай саусақпен оп-оңай итеру және допты заттардың арасымен домалатқан кезде бағытын өзгерту қабілетін нығайту. Әлеуметтік ортада дұрыс байланыс орнату, төзімділік қабілеттерін дамыту, қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану арқылы балалардың қозғалыс тәжірибесін байыту. Күтілетін нәтиже: жасайды:орамалмен жалпы дамытатын жаттығуларды, қолына орамал ұстап музыканың ырғағымен реттеу жаттығуларын орындайды.
түсінеді: орамалдардың қандай мақсатта пайдаланылатынын, сырықтың астымен өткенде төмен еңкею керектігін, допты саусақтардың ұшымен ақырын итеру керектігін, кегельдерді оң жақтан және сол жақтан айналып өту қажеттігін; қолданады: қолына зат ұстап тізбекте жүру, төрт аяқтап еңбектеу, ұсақ заттармен күрделі қимылдар жасау қабілетін.