Құралдар мен материалдар: топтың жартысына жететін диаметрі 20 см доптар, ұзындығы 3 м жіп – 2 дана.
Билингвалды компонент: доп – мяч, допты түсіріп алмаңдар – неуроните мяч, допты жоғарыға ұста – держи мяч вверху, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Доп туралы өлең оқиды. Добым, добым домалақ, Қайда кеттің домалап? «1-2» – деп ұрдым, Шатырға сен секірдің. Допты көрсетеді.
Допты мұқият зерттеуге, доппен не істеуге болады деген сұраққа түрлі жауап нұсқаларын дайындауға ынталандыру.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру. Жүру, доппен түзету жаттығуларын жасау: допты қолына ұстап жүру (оң қолына), аяқтың ұшымен жүргенде – допты басынан жоғары көтеріп ұстайды, өкшемен жүргенде – допты алдында ұстайды.
Екі тізбекке тұрады. Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Жаттығулардың дұрыс орындалуына, арақашықтықтың сақталуына, бастапқы қалыпқа тұру, допты жерге түсіріп алмау қабілеттерін бақылайды.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолдап қағып алу.
Жаттығуды түсіндіру және көрсету: допты алға-жоғары лақтырып, саусақтармен ұстау қажет. Допты өзіне жақындатып қыспайды.
Биіктігі 40 см арқанның астымен бүйірімен (қапталдап) өту. Жаттығудың орындалу техникасын түсіндіру: арқанға жақындап, оң қапталымен тұрады, еңкейеді, арқанның астына алдымен оң аяғы мен оң жақ иығын, басын кіргізіп, өтеді, содан кейін сол аяғын шығарады, бойын тіктеп, тізбектің соңына барып тұрады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар» Ойын тәртібін түсіндіру.
Нұсқау: ойын кезінде айқайлауға, жүгіргенде бір-бірін итеруге болмайды. Педагог – мысық болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу: «Зырылдауық» – допты саусақпен зырылдауық сияқты етіп айналдыру. Доппен көшеде өз беттерінше ойнауға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |