Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 33
Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті сызықтар. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Тұрақты тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: балаларды етпетінен жатып, қолдың көмегімен гимнастикалық орындық үстімен еңбектеуге үйрету. Допты бір-біріне лақтырып, оны қос қолды еркін қозғалтып қағып алу қабілетін нығайту (екі қолды бастан жоғары көтеріп қағып алу, ойынға қатысатын жұп арасындағы қашықтық – 1,5 метр). Жалпақтабанның алдын алу, сіңір аппаратын нығайту және табандағы буындардың қозғалғыштығын арттыру. Балалардың бойында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Денсаулық сақтау технологияларын қолдану: көз көруінің нашарлауының алдын алуға және көз бұлшық еттерінің жұмысын белсендіруге арналған жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: |