Билингвалды компонент: шашырап жүгіру – бег врассыпную, аяқтың ұшымен жүру – ходьба на носках, қолды иыққа қою – руки к плечам, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға әкелері сияқты күшті, епті болу үшін жаттығуға шақырады.
Негізгі кезең.
Алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүру, баяу жүгіру. Балалар жүгіру кезінде алаңның бір жағымен тізелерін жоғары көтере отырып жүгіреді. Жүру.
Бастаушылардың артынан 3 тізбек болып қайта сапқа тұру.
Заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар орындау (№3 кешен).
Тыныс алу жаттығуын орындау (5 рет).
«Таңғаламыз».
Б.қ. – тік тұрып, иықты төмен түсіру және еркін тыныс алу.
– иықты ақырын көтеріп, бір уақытта демді сыртқа шығару.
– б.қ.
«Иық». Иықтармен жұмыс істейміз, иығымызбен билейміз.
Б.қ. – негізгі тұрыс
– иықты алға шығарып, төмен түсіп тұрған қолдарымызды ақырын айқастырамыз, еркін демаламыз.
– иықтарымызды ақырын артқа жіберіп, жауырындарымызды қосамыз және сол уақытта демімізді сыртқа шығарамыз.
«Тербелеміз».
Б.Қ. – негізгі тұрыс.
– омыртқаны кеуде тұсынан иіп, алға қарай еңкейеміз және демді сыртқа шығарамыз.
– ақырындап денемізді түзейміз және тыныс алып, артқа шалқаямыз.
«Бұрылу».
Б.қ. – негізгі тұрыс 1 – тыныс аламыз.
– демді сыртқа шығарғанда бұрыламыз – бір қолды артқа, екінші қолды алға жібереміз.
– б.қ.; осыны екінші жағымызбен қайталаймыз.
«Бүйіріңді сипа».
Б.қ. – аяқтың арасын ашып, қолды төмен түсіріп тұрамыз.
– оң қолды ақырын көтеріп, иығымызды көтереміз (тыныс алу).
– қолымыз бен иығымызды түсіреміз (демді сыртқа шығару). Осыны сол қолымызбен қайталаймыз.
Спорттық жаттығулар – велосипедпен сызылған шеңбер бойымен жүру.
Педагог бұрыла білуіне, өз бетінше велосипедке отыру және түсуіне баса назар аударады.
Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.
Сендер бұрынғыдан күштірек, мықтырақ болдыңдар.
Балалардан қанша күш қосылғанын көрсетуді сұрайды. Ойын түріндегі жаттығу: «Міне, мен қандай күштімін!».
Достарыңызбен бөлісу: |