Денешынықтыру



бет172/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Билингвалды компонент: шашырап жүгіру – бег врассыпную, аяқтың ұшымен жүру – ходьба на носках, қолды иыққа қою – руки к плечам, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға әкелері сияқты күшті, епті болу үшін жаттығуға шақырады.

  1. Негізгі кезең.

    1. Алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүру, баяу жүгіру. Балалар жүгіру кезінде алаңның бір жағымен тізелерін жоғары көтере отырып жүгіреді. Жүру.

Бастаушылардың артынан 3 тізбек болып қайта сапқа тұру.

    1. Заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар орындау (№3 кешен).

    2. Тыныс алу жаттығуын орындау (5 рет).

    1. «Таңғаламыз».

Б.қ. – тік тұрып, иықты төмен түсіру және еркін тыныс алу.

        1. – иықты ақырын көтеріп, бір уақытта демді сыртқа шығару.

        2. – б.қ.

    1. «Иық». Иықтармен жұмыс істейміз, иығымызбен билейміз.

Б.қ. – негізгі тұрыс

      1. – иықты алға шығарып, төмен түсіп тұрған қолдарымызды ақырын айқастырамыз, еркін демаламыз.

      2. – иықтарымызды ақырын артқа жіберіп, жауырындарымызды қосамыз және сол уақытта демімізді сыртқа шығарамыз.

    1. «Тербелеміз».

Б.Қ. – негізгі тұрыс.

      1. – омыртқаны кеуде тұсынан иіп, алға қарай еңкейеміз және демді сыртқа шығарамыз.

      2. – ақырындап денемізді түзейміз және тыныс алып, артқа шалқаямыз.

    1. «Бұрылу».

Б.қ. – негізгі тұрыс 1 – тыныс аламыз.

      1. – демді сыртқа шығарғанда бұрыламыз – бір қолды артқа, екінші қолды алға жібереміз.

      2. – б.қ.; осыны екінші жағымызбен қайталаймыз.

    1. «Бүйіріңді сипа».

Б.қ. – аяқтың арасын ашып, қолды төмен түсіріп тұрамыз.

      1. – оң қолды ақырын көтеріп, иығымызды көтереміз (тыныс алу).

      2. – қолымыз бен иығымызды түсіреміз (демді сыртқа шығару). Осыны сол қолымызбен қайталаймыз.

Спорттық жаттығулар – велосипедпен сызылған шеңбер бойымен жүру.
Педагог бұрыла білуіне, өз бетінше велосипедке отыру және түсуіне баса назар аударады.

  1. Қорытынды кезең (Рефлексия).

ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.
Сендер бұрынғыдан күштірек, мықтырақ болдыңдар.
Балалардан қанша күш қосылғанын көрсетуді сұрайды. Ойын түріндегі жаттығу: «Міне, мен қандай күштімін!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет