Денешынықтыру


Денсаулық сақтау технологияларын қолдану



бет169/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Денсаулық сақтау технологияларын қолдану: су-джок шаригімен уқалау, сипау.
Күтілетін нәтиже: жасайды: доппен жалпы дамыту жаттығуларын, залды айналып аяқтың ұшымен жүру, арқанның астымен еңбектеп өту жаттығуларын. түсінеді: доппен түрлі фигуралар жасау, арқанның астымен қапталдап өткенде дұрыс топтасу жолдарын, педагогтің белгісі бойынша қозғалыс ырғағын өзгертуді. қолданады: шектеулі аумақта тепе-теңдік сақтау, тізбекке және шеңберге тұру, кеңістікте бағдарлау қабілетін.
Құралдар мен материалдар: балалардың санына қарай диаметрі 20 см доптар, тақтай (ені – 15 см, ұзындығы – 2 метр) – 2 дана.
Билингвалды компонент: түрлі түсті доптар – разноцветные мячи,
Бір, екі, үш – допты ал! – 1-2-3 – мяч возьми; Бір, екі, үш – допты қой! – 1-2-3 – мяч положи! сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Залдың ортасында еденде жатқан заттарға назар аудару. Бұрын доппен жасалған жаттығуларды еске түсірулерін сұрайды.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Түрлі түсті доптар».
Допты екі жағынан қос қолдап ұстау керектігін, бір-бірімен қақтығысып қалмауға тырысу керектігін түсіндіреді.
Шеңбер құрап тұру. Музыканың ырғағымен доппен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Нұсқау: допты түсіріп алмай, жаттығуларды ырғақпен орындау қажет.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау.
Тепе-теңдік – еденге тасталған тақтайдың үстімен аяқтың ұшымен жүру.
Ойын: «Көпір үстімен жүріп өт»: аяқты сулап алмас үшін тақтайдан шығып кетпеуге тырысу қажет. Аяқтың ұшымен жүру – балалардың өкшені баспай, басты тік ұстап, алға қарап жүруін қадағалау.

Биіктігі 40 см арқанның астымен бүйірімен (қапталдап) өту.


Ойын: «Тиіп кетпе» – қоңырау ілінген арқанға жанаспай өту.
Жаттығудың орындалу техникасын түсіндіру: арқанға жақындап, оң қапталымен тұрады, еңкейеді, арқанның астына алдымен оң аяғы мен оң жақ иығын, басын кіргізіп, өтеді, содан кейін сол аяғын шығарады, бойын тіктейді.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Пойыз»
Тізбектегі балалардың қалауы бойынша жасақтау.
Нұсқаулар: тізбектегі қимылдар үйлесімді болуы шарт.
Су-джок шаригімен массаж жасау.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.
Біз ептілік пен алғырлықты үйрендік.
Ойын түріндегі жаттығу: «Фигура жаса».
Балалардан ой-қиялын оятып, әдемі фигуралар жасауды сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет