Құралдар мен материалдар: қызыл, жасыл, сары түсті кегельдер, асфальттағы іздер, конустар, футбол доптары.
Денсаулық сақтау технологиялары: «Қолғап» – саусақтарға арналған жаттығу, «Түлкішек» өзіне-өзі массаж жасау, «Жел» тыныс алу жаттығуы.
Билингвалды компонент: түлкі – лиса, мыршай – лисенок, қолғап – рукавицы, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын. Балаларды сиқырлы таяқшаның көмегімен кішкентай түлкіге айналдыру.
II. Негізгі кезең.
Қимылды ойын: «Өз түсіңді тап».
Педагог тәрбиеленушілерге өз қалаулары бойынша топқа тұруды ұсынады. Алаңның әр жағында әр түстегі бір-бір кегельден қойып шығады, балалардың бір тобы қызыл түсті кегельді айнала, басқа тобы – жасыл түсті кегельді айнала, үшіншісі – сары түстісін айнала тұрады. Педагогтің «Серуендеуге!» деген белгісі бойынша барлығы бүкіл алаңмен түрлі бағытта жүгіреді. Келесі: «Өз түсіңді тап!» деген белгі бойынша балалар өз кегельдерін табуға тырысып, өз орындарына жүгіреді.
Тізбек бойынша кезек-кезек негізгі қимылдарды орындау (3 рет). Тапсырмаларды кіші топтар (тізбектер) бойынша орындауға, белгі бойынша қимылды ауыстыруға, ойын тапсырмаларын орындау кезінде кеңістікті бағдарлауға назар аударады.
Футбол – допты еркін бағытта алып жүру ( 4 рет).
Көрсетілім: доптты соққымен алып жүру үшін оң немесе сол аяқтың ұшы жерге бағытталуы қажет, ал доп ойыншының алдында болуы тиіс.
Тәрбиеленушілер допты алады және оны алаңда аяқпен алып жүреді, басқа балалармен соқтығыспауға тырысады.
Тыныс алу гимнастикасы.
«Жел».
Педагог түлкілерді қайтадан балаларға айналдырады.
Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Оларға бұрынғыдан күштірек, шебер де епті, шымыр бола түскендерін айтады. Ойын түріндегі жаттығу: «Қақпалар».
Достарыңызбен бөлісу: |