Құралдар мен материалдар: ойыншық құртақан, топтың жартысына жететіндей етіп диаметрі 20 см доптар, ұзындығы 3 метрлік жіп – 2 дана, құм толтырылған қапшықтар (кішкентай).
Билингвалды компонент: жүру – ходьба, жүгіру – бег, ақырын жүгіріңдер – бегите тихо, аяқтың ұшымен жүру – ходьба на носках, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын. Балаларға ойыншық құртақанды көрсетеді. «Ақшақыз және жеті құртақан» ертегісіндегі кішкентай құртақандарға айналуды ұсынады.
II. Негізгі кезең.
Тізбекке тұру. Кәдімгі жүріспен жүру, бір-бірден тізбекте жүгіру; реттеуші жаттығулар – аяқтың ұшымен жүру, табанның сыртқы жағымен жүру.
Екі тізбекке тұру. Ойын түріндегі жаттығулар кешенін орындау.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсету. Мұрынмен демалу қабілетін бақылап отыру.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
Бір орында секіру. Балалардың назарын тізені ақырындап бүгу қажеттігіне аударады.
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолдап қағып алу. Жаттығуды түсіндіру және көрсету: допты алға-жоғары лақтырып, саусақтармен ұстау қажет. Допты өзіне жақындатып қыспайды.
Ойын түріндегі жаттығу: «Түсірмей алып өт». Балалардың табанды жіпке қойып, тепетеңдік сақтауына, денені тік ұстауына назар аударады.
Ойын ұйымдастыру: «Балапандар». Ойынның тәртібін түсіндіреді. Тізбекке шапшаң тұрып, тізбектеліп жүру қажеттігіне назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
«Қатып қал!» ойыны: бір-бірден тізбекте жүру, тапсырманы орындау. Жүргізуші рөлін орындау, нұсқау беру.
Педагог құртақандарды балаларға айналдырады.
Құртақан балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |