Күтілетін нәтиже: жасайды:жоғары қарай секіру, велосипедпен шеңбер жасап жүру.
түсінеді: табанға арналған жаттығулардың мақсатын, допты бастан асыра лақтырғанда қалай ұстау керектігін, допты лақтыру үшін жұптасу керектігін.
қолданады: сызық бойынша жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын, белгі бойынша қозғалысты өзгерту, алаң кеңістігін бағдарлау білігін.
Құралдар мен материалдар: табанмен домалататын ағаш таяқшалар (білік) – әр балаға біреуден, орындықтар (орындықтың ұзындығы – 35 см, ені – 20 см) – 2 дана, топтың жартысына диаметрі 20 см доптар.