Денешынықтыру



бет174/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: кегельдер (бала санына қарай), қоңырау ілінген жіп, арқан. Билингвалды компонент: жұппен жүру – ходьба парами, жұппен жүгіру – бег парами, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық жағдай: балалардың назарын ерекше затқа аударады (кегельді орамалдың астына жасырады). Оның не екенін мұқият зерттеуге ынталандырады.
II. Негізгі кезең.
Кегельдерді алдын ала шеңбер бойына қойып шығады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез ал, тез көтер». Балаларды ынталандыру.
Кегельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Жаттығулар кешенін орындау барысында дене сымбатының бұзылмауын қадағалау.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындайды: Жүгіріп келіп 4-адымнан қос аяқтап жоғары секіру. Ойын: «Қоңырауды сыңғырлат». Түсіндіру – жіпке дейін 4 адым жасап, еденнен екпінмен итерілу, қолын қоңырауға тигізу.
Тепе-теңдік – иректеп тасталған жіптің бойымен жүру.
Жаттығудың қалай орындалатынын еске салу және көрсету: қолды қапталға созып, дене мен басымызды тік ұстаймыз, алға қарап, табанымызды жіптің үстіне қоямыз.
Тізбекте жұппен жүру және жүгіру – адымдардың ырғағын сақтау, бір қарқынмен қозғалу қабілетіне назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түрлі түсті автокөліктер»
Ойынның ережесін еске салу, автокөліктерді түсіне сай келетін гараждарға бөліп орналастыру.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Жұппен орындалған жаттығуларды жақсы жасаған балаларға назар аударады. Психофизикалық ойын: «Айна».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет