№ 34 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Епті және күшті боламыз
Мақсаты: Күш пен ептілікті, допты меңгеру дағдыларын дамыту.
Міндеттері: аяқты тиісті жерінде: алыстан және затқа қатты жақындамай, дер кезінде итеру қабілетін қалыптастыру. Жұптасып жеңіл әрі ырғақпен жүгіруге және жүруге үйрету. Жіптің үстімен жүргенде бойды тік ұстап, тепе-теңдікті сақтау қабілетін қалыптастыру. Әрекет етіп жылдамдығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Педагогтің тапсырмаларын тез әрі дәл орындау, өз қимылдарын өзге балалармен үйлесімді етіп орындау қабілетін қалыптастыруды жалғастырамыз. Балаларды ұқыпты болуға, ұжыммен бірге жұмыс істеуге үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды: кегельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды, жүгіріп келіп секіру, жұппен жүру және жүгіру жаттығуларын.
түсінеді: жіппен жүру, педагогтің белгісі бойынша әрекет ету, автокөлік пен гараждың түсін сәйкестендіру жолдарын. қолданады: жұппен жеңіл әрі ырғақпен қозғалу, жіптің үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау, белгі бойынша қозғалыс қарқынын өзгерту қабілетін.