Денешынықтыру



бет161/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Күтілетін нәтиже:
жасайды: доппен жалпы дамытатын жаттығуларды, допты 2 метр қашықтықтан домалату жаттығуларын, «Даусына қарап таны» ойынындағы рөлдерді. түсінеді: допты қалай дұрыс ұстау керектігін, екі сызықтың ортасындағы жолмен қалай дұрыс жүруді, дене сымбатын қалай ұстауды. қолданады: шеңберге, екі тізбекке тұру, қолына доп ұстап жүру қабілетін.
Құралдар мен материалдар: доптар (балалардың санына қарай), қақпалар ені – 60 см – 3 дана, ұзындығы 3 м жіп – 4 дана, «тоннель» модулі – 2 дана.
Билингвалды компонент: доп мяч, тоннельге еңбектеп кір – проползи в тоннель, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ жасыру. Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп) Допты көрсетеді.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру, жүру, жүгіру; доппен жасалатын реттеу жаттығулары (допты оң қолға ұстап), аяқтың ұшымен жүру – допты басынан асырып ұстайды, өкшесімен жүру – допты алдына шығарып ұстайды.
Шеңберге тұру.
Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың дұрыс орындалуына, дене сымбатының сақталуына назар аударады.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:

  1. Допты 2 метр қашықтықтан қақпаға домалату. Балалардың назарын допты саусақтардың күшімен итеру керектігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтау қажеттігіне аударады.

  2. Секіру: бір аяқты алға – екіншісін артқа қойып секіру. Ойын түріндегі жаттығу: «Шапалақта-секір».

  3. Тепе-теңдік сақтау – қос сызықтың ортасымен жүру. Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт». Нұсқау – жолдың шетіне шығып кетпеу, дене сымбатын сақтау.

Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Тоннельге еңбектеп кір».
Ойынның тәртібін түсіндіру. Ең шапшаң әрі батыл балаларды ынталандыру. Билингвалды компонент: тоннельге еңбектеп кір – проползи в тоннель
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия). «Даусына қарап таны».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет