Құралдар мен материалдар: көз жасының суреті бейнеленген әуе шарлары, диаметрі 20 см доптар (бала санына қарай), кегельдер –12 дана.
Билингвалды компонент: әуе шары – воздушный шар, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойындық сәт: бізге әуе шары қонаққа келді. Балалардың назарын шардың көзіндегі жасқа аударады. «Неге шардың көзінде жас тұр, ол неге көңілсіз?» деп сұрайды. Өтініш жасайды: «Шарды салауатты болуға және көңілді жүруге үйретіңдер».
II. Негізгі кезең. Ойын: «Белгіге құлақ сал». Қолдарына доп ұстап (оң қолға) зал ішінде «шашырап» жүреді. Бір-бірден Тізбекке тұру. Балалардың назарын кеңістікте бағдарлауға аударады.
Екі тізбекке тұрады. Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Доппен жасалатын жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсету. Жаттығулардың дұрыс орындалуына, дене сымбатының сақталуына назар аударады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Доппен фигура жаса» Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау.
Допты жерге лақтыру және секіргеннен кейін қағып алу. Балаларға түсіндіру: қолды қыспай, саусақтардың арасын ашып, екі жаққа созамыз; допты жерге төмен қарай тігінен тастаймыз, жерге тиіп секіргеннен кейін, қолдың еркін қимылымен ұстап аламыз.
Бір қатарға қойылған заттардың арасымен алақаны мен табанын тіреп еңбектеу (кегельдерді екі сызық бойына 6 данадан қойып шығады). Түсіндіру: қимылдарды балалардың бірі көрсетіп тұрады. Нұсқау: кегельдерді айналып, абайлап еңбектеу қажет.
«Біз көңілді балалар» ойынын ұйымдастыру. Ойын тәртібін түсіндіру.
Қуғыншыдан қашып құтылу керектігін, жүгіргенде бір-бірімен соқтығыспау қажеттігін ескертеді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Эмоционалдық фонды қалыпқа келтіру – «Күлкілі беттер». Шарға жымиған күлкінің суретін салып, көңілді шарды балаларға сыйлайды. Дені сау және тату болу үшін үйде де, балабақшада да Денешынықтыру қажеттігін балалардың есіне салады.