Денешынықтыру



бет176/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: диаметрі 20 см доптар (бала санына қарай), сылдырмақ ілінген жіп.
Билингвалды компонент: «Епті саусақтар» – «Ловкие пальчики», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ғажайып қап» ойыны: балалар жаттығатын затты қолмен ұстап көру және оның не екенін анықтау. II. Негізгі кезең.
Тізбекте бір-бірден жүру, допты пайдаланып реттеу жаттығуларын орындау: допты қолға ұстап жүру (допты оң қолға ұстап), аяқтың ұшымен жүру – допты басынан асырып ұстайды, өкшесімен жүру – допты алдында ұстайды.
Екі тізбекке тұру.
Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың дұрыс орындалуына, балалардың тиісті бастапқы қалыпқа тұруына назар аударады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Епті саусақтар» – допты өз айналасында айналдыру.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
Допты жерге лақтыру және секіргеннен кейін қағып алу. Жаттығуды орындау жолдарын көрсету және түсіндіру: допты жерге төмен қарай тігінен тастаймыз, жерге тиіп секіргеннен кейін саусақтарымызбен ұстап аламыз, өзімізге жақындатпаймыз.
Жүгіріп келіп қос аяқтап жоғарыға секіру (4-адымнан).
Ойын түріндегі жаттығу: «Ең епті» – секіру техникасының орындалу тәсілін еске салу. Жерден екпінмен итерілу сәтіне назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кiм зейінді?» Ойын тәртібін түсіндіру.
Капитанды санамақ арқылы анықтап алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет