№ 37 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз – көңілді балалар
Мақсаты: Доппен жаттығу жасау біліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:допты еденге лақтыру, жерге тиіп секірген допты қос қолдың еркін қимылымен қағып алу қабілетін дамыту. Қойылған заттарға жанаспай, олардың арасымен бағытын ауыстыра отырып еңбектеу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз; ептілік, организмнің жалпы төзімділігін дамыту. Қайырымдылыққа, айналадағы тіршілік иелеріне жағымды көзқарас қалыптастыруға ықпал ету; салауатты өмір сүруге және отбасымен бірге дене тәрбиесімен айналысуға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: жасайды: доппен жалпы дамытатын жаттығуларды, доппен фигура жасауды, ойындағы рөлдік қимылдарды. түсінеді: нашар көңіл күйдің себептерін, допты еденге лақтыру және секіргеннен кейін ұстап алу, допты қос бүйірден ұстау тәсілдерін. қолданады: заттардың арасымен еңбектеу дағдысын, педагогтің белгісі бойынша тез арада Тізбекке тұру қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.