№ 39 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Достармен ойнау. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Нысанаға дәлдеп лақтыру және ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:текшені көлденең нысанаға қолды екпінді түрде түзету арқылы лақтыруға үйрету, көз мөлшерін дамыту. Бір орыннан ұзындыққа секіру кезінде дұрыс бастапқы қалыпты бекіту, қолдың төмен-алға қарай қозғалысын аяқтың итерілуімен үйлестіре орындау. Ептілікті, төзімділікті, қиялын дамыту. Мейірімділік пен толеранттылыққа тәрбиелеу.
жасайды: бір орыннан ұзындыққа секіру, текшені көлденең нысанаға лақтыруды.түсінеді: жердің бетінен екпінді түрде итерілу, өзіне қолды сермеу арқылы көмектесу, тез жұппен тұру, ойын ережесін сақтау, текшені артынан нысанаға жіберу. қолданады: заттарды қолға беру, шеңбер, тізбек, сап түзеп тұру дағдыларын, лақтыру кезінде бастапқы қалыпты сақтау білігін, тапсырмаларды орындай отырып жүруді. Құралдар мен материалдар: текшелер, ойын үшін түйіліп байланған орамал, диаметрі 1 метр құрсаулар – 2 дана.