Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары



бет186/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


40 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Дербестікке үйренеміз
Негізгі қимыл-қозғалыстар: Қатарға қойылған заттарды айналып, «жыланша» жүгіру (заттардың арасындағы қашықтық – 1 метр, қатардың ұзындығы – 6 метр). Қолды белге таянып гимнастикалық орындық үстімен жүру, орта шамасына келгенде қолдарымызды қапталға созамыз (орындықтың биіктігі – 35 см, ені – 20 см). Допты жоғары лақтырамыз және қос қолдап қағып аламыз.
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері: заттардың арасымен қысқа-қысқа адыммен «жыланша» жүру. Қолымызды аяғымыздың қозғалысына қарай еркін қимылдату. Қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Тұрақты тепе-теңдік сақтауға және биікте тұрып тапсырмаларды орындаған кезде басты дұрыс ұстауға жаттықтыру, дене сымбатының бұзылуының алдын алу. Допты алғажоғары лақтырып, өзіне жақындатпай, бүгілген саусақтармен қағып алу қабілетін жетілдіру. Балалардың бойында дербестік, өз-өзіне сенімділік қабілетін қалыптастыру.
Дене тәрбиесімен айналысуға ынталандыру, дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет