II. Негізгі кезең. Тізбекке тұру. Бір-бірден сапта жүру. Шеңберді айналып орташа қарқынмен жүгіру.
Қояндардың аяқтары мен қолдары жақсы дамығанын, олардың епті әрі жеңіл қимылдайтыны сондықтан екенін түсіндіреді. Арқанмен жасалатын жаттығулар. «Шырмауықты көтереміз, мойнымыз бен қолымызды күшейтеміз!» Жаттығуларды тақпақтың мәтініне сай етіп орындауға тырысады.
Б.қ. – аяқты қосып тік тұру, арқан ұстаған қолдарын төмен түсіріп тұрады.
1-2 – арқан ұстаған қолдарын жоғары көтереді, 4 – б.қ.
«Шырмауықты қойып – арқамызды күшейтеміз».
3. «Маймылдар отырып, аяқтарын дамытады». Б.қ. – негізгі тұрыс, арқан ұстаған қолдарын (жоғарғы жағынан ұстайды) кеудесіне қысады.
– аяқтың ұшымен отырады, тізелерінің арасын ашады, арқанды еденге қояды.
– бойын тіктейді.
– аяқтарының ұшымен отырып, тізесінің арасын ашады, арқанды қолдарына алады (жоғарғы жағынан ұстайды).
– б.қ.
4. «Қояндар табандарын қыздырады». Б.қ. – шалқасынан жатып, табандарын жерге тірейді, арқан ұстаған қолдарын кеудесіне қысады.
– қолдары мен аяқтарын тіктеп жоғары көтереді.
– б.қ.
5. «Пысық қояндар». «Шырмауықтың үстімен жүреміз – табанымызды нығайтамыз».
Арқан үстімен жүру (20 секунд).
Дыбыстар шығару арқылы жасалатын тыныс алу гимнастикасы.