№ 67 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Отбасындағы ағаларым сияқты жаттығамын!
Мақсаты: Секіру және нысанаға дәлдеп лақтыру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: еденде отырған күйі доп ұстаған қолдарымызды бастан асырып алысқа лақтыру, бүгілген қолды жазу арқылы допты лақтыру күшін арттыру қабілетін қалыптастыруды жалғастырамыз. Құрсаудан-құрсауға кезекпен қос аяқтап секіру, бір уақытта екі аяқпен күшпен итерілу, денені алға еңкейтпей, тізені сәл бүгіп, аяқтың ұшымен жеңіл түсу қабілетін нығайту. Күш пен жылдамдықты арттыру, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Әлеуметтік қабілеті жоғары тұлға ретінде тәрбиелеу, отбасын сыйлауға баулу. Күтілетін нәтиже: жасайды: Педагогтің белгісі бойынша гантельдерді айналып жүру және жүгіру, шеңберден-шеңберге қос аяқтап секіру, отырған күйі допты қос қолдап бастан асырып лақтыру жаттығуларын, ойындағы рөлдерді. түсінеді: гантельдердің қандай мақсатта пайдаланылатынын, шеңберден-шеңберге секіргенде ізбе-ізділік сақтауды, допты қос бүйірден ұстау, сапқа, қатарға тұру әдістерін. қолданады:қолды алға-жоғары белсенді қимылдату және жерге тізені сәл бүгіп түсу қабілетін, допты лақтырған кезде бүгілген қолдарын екпінмен жазу қабілетін.