Денешынықтыру



бет249/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ойыншық маймыл, гимнастикалық қабырға, бала санына қарай доптар, күлкілі (бет-әлпет) суреттер.
Билингвалды компонент: маймыл – обезьянка, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: алыстағы Африка елінен қонаққа келген маймылмен танысу.
Балаларды маймылға осы күнге дейін үйренгендерін көрсетіп, білгендерін оған үйретуге шақырады.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жүруді және жүгіруді үйретеміз».
Кедергілерден секіріп өту арқылы тізені жоғары көтеріп жүру, бағытын өзгерте отырып жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
«Билеп үйретеміз»
Ырғақты гимнастика жасау: кешенді жасаған кезде денені тік ұстап, дене сымбатын сақтауға тырысу.
Негізгі қимылдарды жасау:
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу (жеке-жеке – маймыл балаларды баспалдақпен өрмелеуге үйретеді).
Өрмелеу, тақтайды ұстау техникасын: бас бармақпен астыңғы жағынан, қалған төрт саусақпен үстіңгі жағынан ұстаймыз; аяқ пен қолды үйлесімді қимылдату.
«Доппен ойнауды үйретеміз».
Бір орында отырған күйі допты бастан асырып алысқа лақтыру.
Бір-бірінің артына екі қатарға тұру.
Нұсқау: допты алға-жоғары лақтыру қажет, доптың алысқа кетуі лақтыру күшіне байланысты.
«Секіруді үйретеміз».
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар». Ойын ережелерін түсіндіру. Ең шапшаң балаларды ынталандыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Маймылдың көңіл күйі жақсы. Өйткені ол көп нәрсе үйренді. «Бір сәттік көңіл күй» жаттығуының көмегімен эмоционалдық фонды қалпына келтіру – балалардың қалай мұңаятынын, ойланатынын, күлетінін, жымиятынын мимиканың көмегімен көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет