№ 70
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Африкаға саяхат
Мақсаты: Өрмелеу және алысқа лақтыру дағдыларын дамыту.
Міндеттері: бастапқы қалыпты дұрыс ұстай білуге, қапшықты қолды жазу арқылы күшпен алға-жоғары-алысқа лақтыруға жаттықтыру. Аяқты кезекпен қойып гимнастикалық қабырғамен жоғары және төмен өрмелеу, қол мен аяқты үйлестіріп қимылдату қабілетін нығайту. Кеңістікте бағдарлау қабілетін, организмнің жалпы төзімділігін дамыту, анық және ырғақпен қозғалуға үйрету, өзге балалармен үйлесімді қимылдау қабілетін дамыту, саяхаттауға, бір нәрсені білуге, көруге деген құштарлығын арттыру. Күтілетін нәтиже:
жасайды: жүрістің түрлерін, жануарлардың қимыл ерекшеліктерін, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, оң және сол қолмен алысқа лақтыру жаттығуларын.
түсінеді: құм толтырылған қапшықты лақтырған кезде бүгілген қолдарын күшпен жазу, жұп құрауды, гимнастикалық қабырғамен аяқтарын кезектестіре басып өрмелеу техникасын. қолданады: допты бастан асырып алысқа лақтыру қабілетін, еденге тасталған баспалдақ (саты) арқылы аттап өткенде тізені жоғары көтеру қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |