Денешынықтыру



бет251/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: шаңғы.
Денсаулық сақтау технологиялары: массажға арналған төсеніштерді пайдаланып жалпақтабанның алдын алу, құлақты уқалау – суық тиіп сырқаттанудың алдын алу. Билингвалды компонент: жолбарыс – тигр, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог шаңғыға назарларын аударады. Гигиеналық талаптарға көңіл бөледі. (Шаңғымен жүргенде мұрынмен тыныс алу, одан кейін суық су ішпеу).
II. Негізгі кезең.

  1. Жүру. Алаңның шетімен баяу жүгіру 1минут. Тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру, шеңберге қайта тұру.

  2. Шаңғыда тұрып дайындық жаттығуларын жасау:  Бір орында шаңғының табанын қарға басып тұрып, шаңғының ұшын жоғары және төмен қозғалту.

 Бір орында шаңғыны қарға басып тұрып, шаңғыны оңға, солға қозғау. Осыдан кейін балалар қардың үстінде жан-жақта жатқан гимнастикалық таяқшалардан кезек-кезек аттап өтеді. Педагог балалардың назарын олар әр таяқшаны аттаған сайын шаңғыны тура, бір-біріне параллель қоюына аударады. Сосын балалар осы жаттығуларды таяқшасыз оңға және солға қарай орындайды.
Төбешікке қосалқы қадаммен, бір қырымен көтерілу (жатық еңістің ылдиының ұзындығы – 3 метр). Шағын топтар бойынша шаңғымен түсу (3 рет).
Тәрбиеленушілерді еңістен түсуге үйрету кезінде педагог дұрыс бастапқы қалыпты көрсетеді және өзі түседі. Балалардың белгілі бір интервалдан кейін кезек-кезек түскені дұрыс.
Нұсқау: түскен кезде аяқты тізеден сәл бүгу керек («аяқ серіппелі сияқты»).
Шағын топтар бойынша шаңғымен жүру.
Шаңғы жолымен жылжу – 20 метр.
Педагог адымдардың ырғақтылығына, шаңғымен жүрген кездегі қол мен аяқтың айқаспалы жұмысына назар аударады (сол қол-оң аяқ, оң қол-сол аяқ).

  1. Шаңғыны айнала жүру және жүгіру.

III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Шаңғы жолындағы жетістіктері туралы әңгімелеп берулерін ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет