Құралдар мен материалдар: көшпелі баспалдақтар (саты) – 2 дана, бала санына қарай бұрымдар, таспа жіптер.
Билингвалды компонент: өрт сөндірушілер – пожарные, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жас өрт сөндірушілерге айналып, күшті әрі епті болуды үйренуге шақырады. Капитанның рөлін орындайды.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден сапта жүру, баяу қарқынмен жүгіру – бір минут; адымдардың қарқыны мен ырғағын сақтау. Тыныс алу гимнастикасы.
(Оңға) Қосалқы адым жасап жүру: денесін оңға қарай бұрмай, тік ұстау қажет. Екі сапқа тұру. Қамшыны (өрілген жіп бұрым) пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Бастапқы қалыптың дұрыс сақталуына, мейлінше төмен еңкеюге назар аударады.
Негізгі қимылдарды орындау:
Еденнен 20 см биікке көтерілген баспалдақтың тақтайлары арқылы аттап өту (қолды белге таянады).
Балалардың тізені жоғары көтеріп, арақашықтық сақтап жүруіне назар аударады. Еденде бүйірімен тұрған баспалдақ тепкішектерінің арасымен еңбектеу: аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Таспа жіпті кім көп жинайды?»
Ойын тәртібін ескерту: үш адымнан кейін серпіліп секіру қажет.
Егер бала таспа жіпке қолын жеткізсе оны алып тастайды. Епті балаларды атап өтеді. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Өрт сөндірушілер қимылдарды дұрыс әрі әдемі жасай білетінін, олардың епті әрі батыл екендерін айтады.
Ойын: «Шеңбер бойымен». Қимылдарды көрсетуге қиналған балаларға көмек көрсетеді.