Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Қысқы жарыстар. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Спорттық жарыстар мен ойындар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:шайбаны берілген бағытта доптаяқпен сырғанатуға, оны қақпаға енгізуге үйрету. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстай білуге, заттарды қолды жазу арқылы күшпен алғажоғары-алысқа лақтыруға жаттықтыруды жалғастырамыз. Ептілікті, мергендікті, тез әрекет етуді дамыту. Жинақылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды:оң және сол қолмен алысқа лақтыру, көзге арналған гимнастиканы, шайбаны доптаяқпен берілген бағытта сырғанату және қақпаға қарай кіргізуді. түсінеді: жарыстың не екенін, шайбаны қақпаға доптаяқтың екпінді соққысымен жіберу керектігін, лақтырғанда қолды қалай сермеу керегін, иректеп жүру және жүгіру жаттығуларын орындау керектігін.
қолданады:тереңге секіру, шеңберді айналып жүру және жүгіру жаттығуларын орындау қабілетін; кеңістікте бағдар табу, орындық үстінде тепе-теңдік сақтау қабілетін.