Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 77



бет269/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 77


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Көңілді шар
Мақсаты: Суреттегі бейнелерге сәйкес қимылдарды орындау біліктерін қалыптастыру. Міндеттері: тақтайдың екі жағынан жүріп, ажырау, тұрақты тепе-теңдік сақтау қабілетін дамытуды жалғастырамыз. Оңға қосалқы адым жасап бір кермеден екіншісіне өту, баспалдақтың тепкішектерін қолмен көлденең бағытта ұстау қабілетін қалыптастыру. 20 см биіктен тереңдікке секіру қабілетін нығайту, бас пен денені тік ұстап, алға қарап тұру қабілетін жетілдіру. Қозғалысты картинадағы суреттерге сай етіп орындау қабілетін, балалардың зейінін, ойлау қабілеті мен дербестігін қалыптастыру. Құрбыларымен дос болуға, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: тапсырмалар орындап жүру, ойын түріндегі гимнастика, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, биіктен секіру жаттығуларын. түсінеді: тереңге секірген кезде жерге тізені сәл бүгіп түсу қажеттігін, оңға қосалқы адым жасау, гимнастикалық баспалдақтың тепкішектерін дұрыс ұстау жолдарын; еденге қойылған тақтай үстімен жүру, ойын кезінде әртүрлі бағытта жүгіру қажеттігін. қолданады: тереңге секірген кезде жерге түскеннен кейін тепе-теңдік сақтау қабілетін, қосалқы адым жасау қабілетін, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және кеңістікте бағдар табу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет