Денешынықтыру



бет266/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Тепе-теңдік – қолдарын түрлі қалыпта ұстап, толтырмалы шарлардан аттап жүру (лекпен).
Доптарды бір-бірінен 1 метр арақашықтықта бір қатарға орналастыру.
Нұсқау – тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшына қою, қолдың қалыбын өзгерту. Толтырмалы шарлардан аттап өту кезінде тепе-теңдікті және ырғақтылықты сақтауға назар аударады. Педагогтің белгісі бойынша тәрбиеленушілер бір-бірден қозғалыс басталатын сызыққа жақындайды, толтырмалы доптан аттап өтеді, конусты айналып өтеді және жүгіріп сызыққа оралады. Тәрбиеленушілер қозғалыс кезінде бір-бірден кедергі келтірмеуге және арақашықтықты сақтауға тырысады.
Шеңбер құрып тұру.
Қимылды ойын: «Соқыртеке» (3 рет).
Педагог ойынның ережесін түсіндіреді. Санамақ арқылы «Соқыртекені» таңдайды, оның көзін байлайды. Соқыртеке балалардың дауыстарымен бағдарлай отырып алаңмен қозғалады, біреуін ұстап алуға тырысады. Балалар түрлі бағытта жүгіреді, Ортекеден қашады. Нұсқаулар: ортекеге берілмеу, бір-бірімен соқтығыспау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Зырылдауық»: допты зырылдауық сияқты айналдыру үшін саусақтармен бұрап айналдырады.
«Кім бәрінен епті»
Қолына доп ұстап, 40 см биіктікке тартылған арқанның астымен еңбектеп өтеді. Нұсқау: допты еденге тигізуге болмайды.
Өзіне-өзі массаж жасау: «Шапалақ».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Спортпен шұғылданған адамның дені сау болатынын еске салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет