Тепе-теңдік – қолдарын түрлі қалыпта ұстап, толтырмалы шарлардан аттап жүру (лекпен). Доптарды бір-бірінен 1 метр арақашықтықта бір қатарға орналастыру.
Нұсқау – тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшына қою, қолдың қалыбын өзгерту. Толтырмалы шарлардан аттап өту кезінде тепе-теңдікті және ырғақтылықты сақтауға назар аударады. Педагогтің белгісі бойынша тәрбиеленушілер бір-бірден қозғалыс басталатын сызыққа жақындайды, толтырмалы доптан аттап өтеді, конусты айналып өтеді және жүгіріп сызыққа оралады. Тәрбиеленушілер қозғалыс кезінде бір-бірден кедергі келтірмеуге және арақашықтықты сақтауға тырысады.
Шеңбер құрып тұру. Қимылды ойын: «Соқыртеке» (3 рет). Педагог ойынның ережесін түсіндіреді. Санамақ арқылы «Соқыртекені» таңдайды, оның көзін байлайды. Соқыртеке балалардың дауыстарымен бағдарлай отырып алаңмен қозғалады, біреуін ұстап алуға тырысады. Балалар түрлі бағытта жүгіреді, Ортекеден қашады. Нұсқаулар: ортекеге берілмеу, бір-бірімен соқтығыспау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Зырылдауық»: допты зырылдауық сияқты айналдыру үшін саусақтармен бұрап айналдырады.
«Кім бәрінен епті»
Қолына доп ұстап, 40 см биіктікке тартылған арқанның астымен еңбектеп өтеді. Нұсқау: допты еденге тигізуге болмайды.
Өзіне-өзі массаж жасау: «Шапалақ».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Спортпен шұғылданған адамның дені сау болатынын еске салады.