Құралдар мен материалдар: бала санына қарай диаметрі – 20 см доптар, гимнастикалық қабырға.
Билингвалды компонент: «Бір, екі, үш – қайтала!» – «Раз, два, три – повтори!», допты тор арқылы лақтыру – бросание мяча через сетку, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын түріндегі жаттығу
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу «Кiм зейінді?»: балалардың зейінін және кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту. Сапқа әр тұрған сайын орын ауыстырып отырады.
Ойын түріндегі гимнастиканы орындау: Еркін ұста денеңді Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір уақ. Бір, екі, үш, бір, екі, үш, Аяқты алға созайық. Тік көтеріп қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық, Алға қарай озбайық,
Бір, екі, үш; бір, екі, үш.
Негізгі қимылдарды орындау.
Допты кеуде тұсында ұстап, тор арқылы лақтыру – лақтыру бағыты алға-жоғары. Лақтырған кезде ізбе-ізділіктің сақталуына, балалардың қатарда дұрыс тұруына назар аударады.
Тәрбиеленушілер бағдар үшін залдың бір жағында екі қатарға сап түзеп тұрады.
Допты бірінен кейін бірі (бірінші қатар, сосын екінші қатар) тордан асыра лақтырады. Қозғалыс басталған сызыққа жақындайды, допты лақтырады, доптың артынан жүгіреді, залды айналады, алдында тұрған қатардың артына барып тұрады.
Оңға қарай қосалқы адым жасап, бір-бір аралықтан екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Қимылдарды орындау тәртібін түсіндіреді (балалардың бірі көрсетеді). Аралықтан-аралыққа өткен кезде қол мен аяқтың үйлесімді қимылдауына назар аудару қажет.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Бос орын».
Ойыншыларға бір-біріне арқасымен тұруға көмектеседі. Ережелердің орындалуын қадағалайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |