Құралдар мен материалдар: гимнастикалық қабырға, биіктігі – 20 см гимнастикалық орындық – 4 дана, ені 25 см тақтайлар – 4 дана, әуе шары, тапсырмалар жазылған суреттер.
Билингвалды компонент: тоқтау – остановиться, отыру – присесть, солға – налево, оңға – направо, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын кейіпкер – Көңілді шарға аударады.
II. Негізгі кезең.
Көңілді шардың тапсырмаларын орындау: сапқа тұру, сапта орташа қарқынмен жүру, жүгіру, тоқтау, отыру, қозғалыс бағытын өзгерту.
№ 1 сурет.
Ойын түріндегі гимнастика: «Сағат». Қимылдарды орындау және сөздерді қайталау.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау:
№ 2 сурет.
20 см биіктен тереңге секіру.
Секіргеннен кейін тепе-теңдіктің сақталуына, балалардың денесін тік ұстап, алға қарап тұруына назар аударады.
№3 сурет.
Оңға қарай қосалқы адым жасап, бір-бір аралықтан екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу (3 кермеден).
Аралықтан-аралыққа өткен кезде қол мен аяқтың үйлесімді қимылдауына назар аудару қажет.
№4 сурет.
Еденге қойылған тақтайлардың үстімен жүру, тапсырманы орындау – тақтайдың екі жағынан жүріп, екі жаққа ажырап кету.
Қимылдарды түсіндіру (балалар көрсетеді). Тақтайлардың жанына дұрыс тұруға көмектеседі.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Соқыртеке».
Ойын ережелерін түсіндіру.
Нұсқаулар: Соқыртекенің қолына түспеуге тырысу, бір-бірін итермеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |