Күтілетін нәтиже:
жасайды: допты бір аяқпен берілген бағытта домалату, хоп-доптарды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды, вестибулярлық аппаратты дамытуға арналған жаттығуларды. түсінеді: зымыранды қандай мақсатта пайдаланатынын, жіппен жүргенде иректеп жүру тәртібін, Педагогтің белгісіне қарай жылдам әрекет етуді, допты екі бүйірінен саусақтарымен ұстау әдісін, допты саусақтардың екпінімен итеруді.
қолданады: арқанмен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау, белгі бойынша қарқынды және қозғалыс бағытын өзгерту біліктерін.
Құралдар мен материалдар: топтың жартысына жететіндей футбол доптары, алаңның бетіне салынған сызықтар, балалардың санына қарай құрсаулар.
Денсаулық сақтау технологиялары: вестибулярлық аппаратты жаттықтыру, омыртқа бұлшық еттерін нығайту, хоп-доптарды пайдалану арқылы тыныс жолдарына арналған жаттығулар жасау.
Билингвалды компонент: ғарышкер – космонавт, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Біз бүгін сендермен «Ғарышкерлер даярлау орталығына» барамыз. Ғарышқа ұшпас бұрын ғарышкерлер Жерде көп дайындалады, жаттығады.
Тізбекке тұрыңдар. 1-2-3 – орталыққа қарай бұрылыңдар! Ғарышқа ұшуға дайындалыңдар!
II. Негізгі кезең.
Доп ұстап жүру: аяқтың ұшымен жүру, допты жоғары көтеріп ұстайды; өкшемен жүру, допты алға қарай созып ұстайды; кәдімгідей адымдап, тізені жоғары көтеріп жүру; жүгіру, допты бастың артына ұстайды; кәдімгі жүріс. Бірнеше топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Хоп-доптарды пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Жаттығулар кешенін орындаған кезде балалардың денесін тік ұстап, дене сымбатын сақтауына мән береді.
Допты алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына аяқпен домалатуды ұсынады. Ғарышкерлердің бір-бірімен соқтығыспауы керек екеніне – сондықтан өзінің маңайындағы кеңістікті және доптың қозғалысын бақылай білудің маңыздылығына назарларын аударады. Допты ақырын итеру керектігін, оны аяғынан алысқа жібермеуге тырысу – олай етпесе, доптың алысқа домалап кететінін көрсетеді.
2-топ: Ғарышкерлер әртүрлі жағдайларда тепе-теңдік сақтауды үйренеді. Өйткені ғарышта салмақсыздық болғандықтан барлық зат ауада қалықтап жүреді. Арнайы сызықтардың бойымен алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүріп өтуді ұсынады.
Тепе-теңдік: иректеп тасталған жіптің үстімен жүру. Жаттығулардың орындалу тәртібін көрсету және еске салу: қолды қапталға созамыз, бас пен денені тік ұстаймыз, алға қараймыз, табанды жіптің үстіне қоямыз.
Тыныс алу жаттығулары.
Негізгі қимылдарды орындау.
Ғарышкерлер қолдарынан ұшып кеткен затты қағып алуды үйренеді.
Қозғалыс кезінде допты лақтыру және қағып алу. Допты кез келген бағытта домалату.
Вестибулярлық аппаратты жаттықтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ғарышкерлер».
Бізді зымырандар күтіп тұр. Ғарышқа саяхатқа шығамыз. Ойын шарты мынадай: кешіккендерге орын жоқ.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Жаттығулардың қай түрі ең қиын болғанын және неліктен екенін айтып берулерін ұсынады.
Релаксация: «Ғарыш» музыкасын тыңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: |