Денешынықтыру



бет262/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: бала санына қарай диаметрі – 20 см доптар, биіктігі – 20 см гимнастикалық орындықтар – 4 дана, бала санына қарай қамшы, тұлпардың суреті бейнеленген иллюстрациялар, музыка (жылқының шабысы, релаксация).
Билингвалды компонент: тұлпар – скакун, сандық – сундук, қамшы – камча, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақтың ұлттық әуендерін тыңдау. Ертегідегі пырақ – «Тұлпардың» суретін көрсету.
Тұлпарға мініп шабу үшін ептілікке үйреніп, жаттығуға шақырады. Қамшы мен сандықты көрсетеді. II. Негізгі кезең.
«Епті саусақтар»
Допты пайдаланып түзету жаттығуларын орындау: аяқтың ұшымен жүру – допты жоғары көтереді; өкшемен жүру – допты алға шығарып ұстайды. Денесін тік ұстап, алға қарап жүреді.
Үш сап түзеп тұру.
Допты пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың анық орындалуын, балалардың денесін тік ұстауын қадағалайды.
Негізгі қимылдарды орындау: «Ең күшті».
Допты жіп арқылы лақтыру (кеудесінен қос қолдап лақтыру). Жіпке дейінгі қашықтық – 2 метр. Қимылдарды көрсету және түсіндіру.
«Ең жылдам».
20 см биіктен тереңге секіру.
Орындықтар залдың периметрін бойлай қойылған.
Балалардың жерге түскеннен кейін тепе-теңдік сақтауына, денесін тік ұстап, алға қарап тұруына назар аударады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тұлпар». Әр балаға сиқырлы қамшы береді.
Дем алысын қалпына келтіру. Тыныс алу-тыныс шығару барысын қадағалайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Шапқаннан кейін жақсылап тынығып алуға шақырады. Атқа мініп шабу қиын, сондықтан жаттығып, спортпен шұғылдану қажеттігін ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет