Денешынықтыру



бет260/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: топтың жартысына жететін доп – диаметрі 20 см, гимнастикалық орындықтар (биіктігі – 20 см) – 4 дана, модульдер – 10 дана (бес данадан екі қатар), қоянның шақыру хаты.
Билингвалды компонент: «Достармен ойнаймыз» – «Играем с друзьями», көжек – зайчик, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт. Қоянның жіберген шақыртуын көрсету: қоян балаларды ойнау үшін достарымен бірге орманға шақырыпты.
II. Негізгі кезең.
Екі-екіден жұптасып сапқа тұру, тізені жоғары көтеріп, кең адымдап «күртік қардан» аттап өту – «ағаш түбірлерінен аттап өт». Ойын түріндегі жаттығу: «Орман жұмбақтары».
Түзде жүрер көк сері. (Қасқыр)
Қырда жүрер ол жортып, Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкi)
Үстінен тоны түспеген
Сонда да араз қыспенен. (Аю)
Нұсқау: жабайы аңдарға тән ерекшеліктерін салып көрсету.
Солға қосалқы адым жасап жүру: денесін тік ұстап, алға қарау және иықтарын солға бұрмау.
«Орман ішіндегі серуен» – ойын түріндегі гимнастика: денесін тік ұстау, солға-оңға бұрылу.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде оранду:
20 см биіктен тереңге секіру.
Орындықтар залдың периметрімен бойлай қойылған. Қояндарға бөренеден секіріп үйренуді ұсынады.
Қатарға қойылған заттарды айналып, аяқтың ұшымен иректеп жүгіру.
«Кім епті?».
Бір қатарға бес модуль қойылған. Олардың арасындағы қашықтық – бір метр. Балалардың заттарды айналып өту қабілетін, денесін оңға-солға бұру қабілетін қадағалайды.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Лақтыр-қағып ал».
Балалардың допты қарсы тұрған жолдасының қолына дәлдеп лақтыруын қадағалайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Орманда ойнаған көңілді! Достарыңның көп болғаны және олармен бірге шыныққан қандай жақсы!
Балабақшаға оралады.
«Күлкі сыйла» – басын бұрады және қасында отырған балаға қарап жымияды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет