Құралдар мен материалдар: Күлегеш ойыншығы, тақталар (ені – 25см) – 4 дана, фитболдар – 4 дана.
Билингвалды компонент: шеңберге тұрыңдар – встаньте в круг,«Көтеріңкі көңіл күй» – «Хорошее настроение», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: бізге Күлегеш қонаққа келді. Оның көңіл күйі жоқ. Жабырқап тұр. Түрлі ойындардың көмегімен Күлегештің көңілін көтеруге шақырады.
II. Негізгі кезең.
«Шеңбер ішіндегі Соқыртеке» ойыны. Санамақтың көмегімен Соқыртекені таңдап алады.
Ырғақты-музыкалық қимылдар: шеңбер ішінде. Алға қарай қосалқы адым жасау, секіру.
Музыка мен қимылдардың үйлесімділігіне назар аударады.
Негізгі қимылдарды орындау:
Еденде жатқан тақтайдың үстімен жүру, тапсырмаларды орындау – екі жақтан жүріп келіп, орта тұсына келгенде екі жаққа ажырап кету. Тепе-теңдікті сақтау және үйлесімді қимылдау.
Тақтайлар бір-бірімен параллель орналасқан.
Тік бағытта фитболдарды домалату (арақашықтық – 6 метр): фитболдарды саусақтардың екпінімен домалату.
Тәрбиеленушілер әр тізбектен бір баладан фитболды модулге қарай домалатады. Оны қолдарына алады, жүгіріп өз тізбектеріне оралады, фитболды келесі ойыншыға береді. Қимылдың орындалу ретін бұзбауға тырысады.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Қасқырға арналған қақпан»
Ойынның ережесін еске салады. Нұсқаулар: бір-бірімен соқтығыспай, шеңберді айналып еңбектеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Шеңбер ішіндегі би».
Ойын мен музыканың көңіл көтеруге, денсаулықты нығайтуға, күшті де епті болуға көмектесетініне балалардың назарын аударады.
Күлегештің көңілі көтеріледі. Балаларға алғыс айтады және олармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |