Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Ойын лотосы
Мақсаты: Қимылды ойындар арқылы қозғалыс әлеуеттерін дамыту.
Міндеттері:бір аяқты алға қарай созып, оның қасына екінші аяқты қою; екінші аяқтың ұшын ішке қарай бұрмау, адым басқанда аяқты бірқалыпты қимылдату қабілеттерін дамыту. Биікке көтерілген баспалдақ таяқшалары арқылы тізені жоғары көтеріп аттап өтуге, денені тік ұстауға жаттықтыру. Қимыл-қозғалыс жаттығуларының көмегімен қозғалу мүмкіндігін арттыру. Балаларды бір-біріне қайырымды болуға үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды:ырғақты-музыкалық қимылдарды, 20 см биікке көтерілген баспалдақтың тақтайлары арқылы секіру жаттығуларын орындайды. түсінеді: шеңберге қалай тұруды, залда «шашырап» жүгіруді, қимылдарды музыкаға сай жасауды, музыка аяқталған кезде тоқтауды. қолданады: жүрген кезде тепе-теңдік сақтау қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін. Құралдар мен материалдар: нөмір жазылған шарлар, көшпелі баспалдақтар (саты) – 2 дана, ойынға арналған музыка.