Құралдар мен материалдар: «сиқырлы таяқша», музыка «Теңіз шуылы», бала санына қарай құм толтырылған қапшықтар, шеңберлер – 2 дана.
Билингвалды компонент: аңшылар – охотники, жауынгерлер – солдаты, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын сиқырлы таяқшаға аударады.
Сиқыр жалғасады. Музыка тыңдап, сиқырлы таяқшаның көмегімен қай жаққа келгендерін табуды сұрайды.
II. Негізгі кезең.
«Теңіз жағасында» – ойын түріндегі гимнастика: тиісті қалыпқа тұру.
Негізгі қимылдарды орындау. «Аңшылар».
Көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру (шеңбер). Сиқырлы таяқшаның көмегімен балалар аңшыға айналады.
Затты лақтыратын оң (сол) қол мен оң (сол) аяқты алға қойып, лақтыру күшін әртараптандыру қабілетіне назар аударады.
Арқаға қапшық қойып еңбектеу (жолдың ұзындығы – 4 метр).
«Жауынгерлер»: сиқырлы таяқшаның көмегімен балалар жауынгерге айналады (қатарлардың арасындағы қашықтық – 4 метр).
Нұсқау: арқадағы қапшық түсіп қалмас үшін арқаны бүкпей, түзу ұстау қажет.
«Көзге көрінбейтін адамдар» (музыканың ырғағымен).
Сиқырлы таяқша балаларды көзге көрінбейтін адамдарға айналдырады. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түсіріп алмай өткіз».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ым-ишарамен кейіпкерлерді сомдайды («Буратино», «Чебурашка»).
Қайтадан балаға айналады. Олардан ненің көбірек ұнағанын және оның себебін сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |