(құрсаумен)
Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып, құрсауды жерге қойып тұрады.
Құрсауды алға, жоғары көтереді, алға, төмен түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: тізерлеп тұрады, құрсауды екі қолмен кеуденің тұсында ұстайды. Оңға (солға) бұрылады, шеңберді қапталға созады, қолдарын тік ұстайды. (Әр жаққа 3 реттен.
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады, шеңбер ұстаған қолдарын төмен түсіріп тұрады. Құрсауды жоғары көтереді, аяқтарының арасындағы еденге тигізеді, құрсауды жоғары көтереді, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: отырып, тізесін бүгіп, аяқтарымен құрсауда тұрады. Аяқтарының арасын ашады.
Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: шалқасынан жатады. Құрсау ұстаған қолдарын созып басынан асырып ұстайды.
Тізесін бүгіп, аяқтарын көтереді де тізесін құрсаудың шетіне тигізеді, аяқтарын тіктейді.
Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, түрегеп тұрады, қолды төмен түсіріп тұрады. Құрсау еденде. Қос аяқтап құрсауды айналып секіру, қолын сермеп көмектеседі. (3 рет), бір орында жүру жаттығуымен кезектестіріп орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |