Денсаулық сақтау технологиялары: жалпақтабанның алдын алу – табанның жүк салмағына қарай серпінді жалпаю және кейін бастапқы қалпына келу қабілетін қалыптастыру, мидың функционалдық қызметінің артуына ықпал ету.
Билингвалды компонент: мен сияқты жаса – делай как я, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардан қандай ұлттық ойындарды білетінін, қандай ойындардың көбірек ұнайтынын сұрайды. Ойын адам бойында қандай қасиеттерді дамытуға көмектеседі?
Түрлі халықтардың ұлттық ойындарының бір-біріне ұқсайтынына назар аударады. II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Мен сияқты жаса!» – қолды әртүрлі қалыпта ұстап түзету жаттығуларын орындау.
Бір орында оңға, солға қарай бұрылып, өзін айналып секіру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Арқан тартыс»
«Ұршық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет», жүргізуші рөлін орындау: «Көңіл күйің қандай?», «Көңіл күйлерің қалай?»
Бір-біріне қайырымды, тату болу керектігін балалардың есіне салады.
ҚОСЫМШАЛАР
№1 ҚОСЫМША
ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІ Жалпы дамытатын жаттығулар
Достарыңызбен бөлісу: |