Б.қ.: аяқты қатарластырып қояды, қолды төмен түсіреді. Қолды қапталдан жоғары көтеру, дәл сол қалпында қапталдан түсіру. Б.қ.: тұрады (5-6 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып тұрады. Қолды белге қояды. Солға қарай бұрылады, оң қолды қапталға созады. Б.қ.: тұрады. Содан кейін екінші жаққа істейді. (Бір жаққа 3 реттен) 3. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, қолды төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын алға созады, тұрады. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ: аяқтарының арасын ашып, қолды белге таянып тұрады. Алға қарай еңкейіп, аяқтарының ұшындағы еденге қолын тигізеді, бойын тіктейді. Б.қ. (6 рет)
Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, қолды белге қойып тұрады. Бір орында қос аяқтап секіру мен жүгіру жаттығуларын кезектестіре орындау. (3 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |