Құралдар мен материалдар: әр балаға арналған текшелер, орындықтар (биіктігі – 35 см, ені – 20 см) – 4 дана, аттап өтетін текшелер – 4 дана, доптар.
Билингвалды компонент: Аязата – Дед Мороз, текшелер – кубики, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: Аязата сыйлық толы қапшық беріп жіберді.
Аязатаның қапшығын қарап шығу.
Текшелермен орындалатын ойын түріндегі жаттығу «Тез ал – тез көтер».
II. Негізгі кезең. Сапқа бір-бірден тұру, «шашырап» жүру – залды айналып жүру.
Текшелермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Жаттығуларды денені тік ұстап, әдемі орындау қажеттігін ескертеді.
Негізгі қимылдарды орындайды:
Бірінші топ. Тепе-теңдік – қолдарын белге қойып, текшелерді аттап өту арқылы гимнастикалық орындықтың үстімен жүру. Тізені жоғары көтеру, алға қарай еңкеймеуге тырысу.
Екінші топ. Допты еденге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолдап қағып алу. Нұсқау: допты тігінен лақтыру, кеуденің тұсында ұстау, одан жоғары көтермеу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қарғалар». Ойын ережелерін түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Сиқырлы кубик» – тілек тілеу. Балалар тілектерін айтып, текшені Аязатаның қапшығына салады.
Достарыңызбен бөлісу: |