Сабақтың басы
(6 мин)
|
Оқушылармен амандасады, түгендейді
Ұйымдастыру:
Жағымды ахуал тудыру үшін балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілектерін айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
Наклейка
|
Презентация
Интерактивті тақта
Дәптер,қалам
|
Сабақтың ортасы
(10 мин)
(5 мин )
(7 мин)
(4 мин)
(4 мин)
|
Жоба құру. Жұмыс барысы
MS Word, PowerPoint, VideoPad редакторларын пайдалану. Қажетті ақпараттармен файлдар жасап, бумаға сақтау. Файлдарды электронды поштаны қолданып, бірнеше адамға жiберу. Электронды пошта аркылы келген хабарламалар мен файлдарды жүктеу.
1-тапсырма
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы өз ойыңды мәтiндiк редакторға жаз. Интернеттен оның суреттерiн жүктеп қой. Мәтiндi өңдеп, атау беріп сақта. Файлды досыңа электронды пошта арқылы жолда.
Дискриптор:
Мәтіндік редакторда өз ойын жазады;
Интернеттен суреттер жүктейді;
Файлды досына жібереді.
Сергіту сәті
2-тапсырма
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мусабаев туралы 3-4 беттен тұратын презентация жаса. Презентацияны суреттермен толықтырып безендір. Презентацияга фон, анимация жасап, бумаға сақта. Файлды электронды пошта арқылы екі немесе үш сыныптасыңа жолда
Дискриптор:
Презентация жасайды;
Презентацияны безендеріп, оны сақтайды;
Екі немесе үш досына файлды жібереді .
3- тапсырма
Ғарышты бағындырған Халық қаhарманы Айдын Айымбетов туралы шағын видеофильмдi Интернеттен жүкте. Шағын видеофильмдi досыңа жолда. Досыңнан келген хаттар болса, ашып жүкте. Оларға хатты алғандығын туралы алғыс айтып, хабарлама жазып жібер.
Дискриптор:
Ғарышкер туралы шағын видео тауып, оны жүктейді;
Жүктелген файлды досына жбереді;
Өзіне келген заттарды ашып, жүктейді.
Досына хатты алғандығы жайлы хабарлама жазады.
|
Мұғалімді тыңдайды
Тапсырманы орындайды
Бейне жазбадан биді қайталайды
Тапсырманы орындайды
Тапсырманы орындайды
|
Наклейка
Наклейка
Наклейка
|
Презентация
Интерактивті тақта
https://youtu.be/SWHS4HsgnUk
|