Денсаулық сақтау технологиялары: жалпақтабанның алдын алу, дыбыстардың көмегімен тыныс алу жаттығуларын орындау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Құралдар мен материалдар:массажға арналған төсеніштер, әр балаға бір-бір доп. Билингвалды компонент:жүру – ходьба, жүгіру – бег, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қимыл-қозғалыс жасайтын алаңның үлгісін жасау: массажға арналған төсеніштерді екі қатарға жаяды. Балалардың назарын төсеніштерге аударады. Сиқырлы төсеніштердің балаларға епті болуға көмектесетінін айтады.