Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет24/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
«Жеті данышпан»
атымен тарихта қалған, грек философиясы 
тарихының бастамасы болған тамаша бір аңыз бар. Аңыз тӛркіні Дельф 
қаласындағы Аполлон құдайының храмында кездесіп, бір-бірмен танысып, 
даналық ойларымен алмасу үшін жиналған ең ақылды 
жеті эллиндіктер
туралы. Тарихта 
«жеті данышпан»
деп кӛбіне Фалес, Солон, Биант, Питтак, 
Клеобул, Хилон, Периандр есімдерін атайды, кейбір мәліметтер бойынша олар 
жиырмадай адам болған. Сол кезеңде ӛзі қысқа, сӛзі аз, бірақ мағынасы терең 
нақыл сӛздің формасын – 
«гном»
деп атаған. Аталған ертегректік данышпандар 
бас қосып, қарапайым тұрмыс, күнделікті күйбің тіршілік туралы қысқа 
сентенция және афоризмдер берген. 
Солон:
«ештеңе артық емес», «құпияны 
анықтық арқылы шеш»; 
Фалес:
«сыртыңнан сұлу болма, ісіңмен әдемі бол»; 
Биант: «күшпен емес сеніммен ал»; 
Питтак:
«жақыныңдағы сен ұнатпайтын 
істі, ӛзіңде істеме»; 
Клеобул:
«кӛп сӛйлеуші емес, кӛп тыңдаушы бол» және т.б. 
Аңыз бойынша данышпандар кӛптеген нақыл, дана сӛздер ішінен «Ӛзіңді ӛзің 
біл» және «ештеңе артық емес» гномдарын таңдап, Дельфтегі храмның 
қабырғасына Апполон құдайына арнайылап жаздыртыпты. 
Аталынған гномдардың ешқандай теоретикалық мәні, ғылыми негіздемесі 
жоқ, жәй тұрмыстық ережелер мен игіліктер туралы пікірлер. Мәселен 
Солонның 
«құпияны анықтық арқылы шеш»
гномына талдама жасасақ: 
«құпия»
және 
«анық»
сӛздерін белгілі бір мағынада антонимдер деп қабылдауға 
болады. Демек, ақ түссіз қара түсті анықтай алмайтындығымыз сияқты анық 
мәліметтерсіз құпияны ашуда мүмкін емес. Егер құпияны ӛз бетінше 
жорамалдамай немесе болған жағдайға және сол жағдайға қатысты адамдардың 
мінез-құлқы, келбеті, жүріс-тұрысы, тіпті тұрмыс жағдайына орайластыра 
мәселені мүлдем шиеленістіріп жібермей, нағыз ақиқат фактілерге сүйене 
отырып логикалық жүйемен шешуге тырыссақ, құпияның негізін ашуға әбден 
болады. Егер аталған теріс әрі оңай жолдардың бірімен ашуға тырыссақ, ол 
белгілі тұлғаның намысына тиуі мүмкін, кейде тіпті іс насырға шауып мәселе 
ӛте күрделеніп жағдайды асқындырып алу да ғажап емес. Осындай 
мүмкіндіктер арқасында түймедей мәселе түйедейге айналып, қоғамдағы түрлі 
деңгейлі іріткілер мен келіспеушілікті туғызады. Мұндай мәселелер адамға, 
қоғамға, мемлекетке, ұлтаралық достыққа, тілге, дінге, тәрбиеге, белгілі бір 
топқа және т.б. арналуы мүмкіндігін ескерген жӛн. Құпияның ӛзі бүркелген 
анық жағдайлардан тұрады, адамның мақсаты сол бүркемелерді ашып, құпияны 
дәл мағынасында шешу.


Бианттың 
«күшпен емес сеніммен ал»
гномы сенімнің күштен жоғары 
екенін дәлелдейді. Бианттың бұл гномы қазақтың «білекті бірді, білімді мыңды 
жығар» мақалымен мағыналас. 
Күш
– белгілі уақыттың ғана тӛрешісі, ол 
мәңгілік емес, сондықтанда «күшпен алу» тұрақтылықтың айғағы бола 
алмайды. Күш одан да күштірек табылса, ӛзінің құндылығын жоғалтады, әдепкі 
орнын берік сақтай алмайды, сонымен қатар «күш кӛрсету» кӛбіне 
әділетсіздікті орнатады. Күш пен ақыл әрдайым бірге болып, үйлесе бермейді. 
Күштің мақсаты жеңу, ал жеңіске жету жеңілістің нәтижесі. Бұл турасында 
Хазіреті Омардың (р.а.) 
«ашуланбайтын күшті, әлсіздігін білдірмейтін
кішіпейіл бол»
даналығымен қорытуға болады. 
Сенім
тұрақтылықтың
беріктіктің, имандылықтың, сүйіспеншіліктің, ақылдың, қайрымдылықтың 
феномені. Біреуге «сенім арту» арқылы ол адамның жауапкершілігін, 
ұқыптылығын, адалдығын арттыруға болады. Демек «сенім», адамдар 
арасындағы достық, махаббат сынды асыл қасиеттерді, құндылықтарды орната 
алады, қоғамда мәдени контекс ретінде қызмет атқарады және халықтық 
құндылықтарды транцформациялау үрдісінде ұрпақтар арасын сабақтастыра 
алады.
Ерте грек мәдениетінің, мифологиясының ықпалы бүкіл батыс еуропаның 
құрылымына негізделді. Кӛне грек мифологиясындағы теизм адам баласының 
еркіндігі мен бостандығына кедергі келтірді. Сондықтан да грек ойшылдары, 
әсіресе грек классиктері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет