S(Specific)-Мақсат, екі жақты түсінуге болмайтындай, дәл, нақты, айқын болуы керек. M



Дата17.03.2020
өлшемі9,43 Kb.
#60367
Байланысты:
смарт
111
Smart технологиясы-жүзеге асыратын мақсаттарды қалыптастыру үшін замануи тәсілі. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңгайлы,мейлінше ықшам көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электрондық оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада қолданылады. “SMART” сөзі ағылшын тілінен аударғанда “Ақылды” деген мағынаны білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасасақ, Ақылды мақсаттарға қойылатын талаптар төмендегідей:
S(Specific)-Мақсат, екі жақты түсінуге болмайтындай, дәл, нақты, айқын болуы керек.
M(Measurable)-Мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткіндігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А(Achievable)-сыртқы мүмкіндіктерсіз арқылы, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R(Relevant)-мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай болатындай шынайы болуы керек.
Т(Time-limited)-мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы қажет.
Specific: Нақты. Smart бойынша мақсат нақты болуы керек. Бұл оның нәтижелі болуын арттырады. Нақты түсінігі сіз қалаған нәтижеге жету үшін, мақсатты құру барысында нәтиженің дәл анықталғанын білдіреді. Нақты мақсаттарды келесі сұрақтар арқылы анықтауға болады.

  • Мақсаттарды жүзеге асыру барысында қандай. нәтижелерге қол жеткізгім келеді және не үшін?

  • Мақсатты жүзеге асыру үшін кім қатысады?

  • Мақсатта жету үшін қандай да бір шектеулі немесе қосымша шарттар бар ма?



Measurable: Өлшемелі. Smart бойынша Мақсат өлшемелі болуы керек. Мақсатты кұру кезеңінде оның орындалу үрдісін өлшеу үшін нақты критерийлер орнату керек. Өлшемелі мақсаттар құру үшін келесі сұрақтар көмектеседі.

  • Қай уақытта мақсат нәтижеге жетті деп есептеленеді?

  • Қандай көрсеткіш мақсатқа жеткені туралы көрсетеді?

  • Берілген көрсеткіште мақсатқа жету үшін қандай мән болуы керек?



Achievable: Қолжетімді. Smart бойынша мақсат қол жетімді болуы керек, себебі мақсатты орындау реалистігі орындаушысының мотивациясына әсер етеді. Мақсаттың қол жетімділігі қолда бар ресурстардың және шектеулердің тәжірибесімен жүзеге асырылады.
Relevant: Мағыналы. Smart бойынша мағыналы мақсатын айқындау үшін компанияның жаҺандық стратегиялық жетуіне нақты мәселенің шешімі қандай үлес тигізетінін анықтау маңызды. Мағыналы мақсатты құру үшін келесі сұрақтар көмектеседі: Қойылған мақсаттың шешілуі компанияға қандай пайда болады? Егер мақсатты орындау кезеңінде компания пайда таппаса- мұндай мақсат пайдасыз және компанияның ресурстарын бостан босқа шығындау деп есептеленеді.
Time bounb: Уақыттың шектеулі. Мақсаттың уақыты шектеулі болуы керек, яғни асып кетуінен Мақсаттың орындалуын көрсететін соңғы мерзімді айқындау керек екендігін көрсетеді. Мерзімді және мақсаттың орындалу шегін орнату басқару үдерісін бақылауға мүмкіндік береді.
Smart құрылғыларды шынайы өмірде пайдаланудың мүмкіншілігі:

Ең алдымен, техникалық мүмкіндіктері зор: байланыс құралы,Wi-fi, мәліметтерді мобильді тасымалдау, бейне камера, ақпараттарды енгізу функциялары, т.т. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану үшін алдымен, бағдарламалық қамтамасыз ету ортасын пайдаланған жөн. Мәселен өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген Goggle - Smart теннологияларды әсерлеуші алауыт компаниялардың бір түрі. Goggle сервисінің ауқымы кең, онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларының сапасы өте жоғары. Соңғы жылдары Smart TV технологиясын кең ауқымды қолданатын кең функционалды ие болатын теледидар да пайда болды. Теледидардың иинтернепен тиімді байланыс орнатудың даңа ортасын құрайды. Соның арқасында сол теледидар арқылы да әр қолданушылар өзіне тиімді ақпарат көздерін үлкен теледидардан көріп, оны ақпарат тасуышқа сақтай алады, ақпарат алмаса алады.


Smart технологиясы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы

  • Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі

  • Оқытудың алуан түрлі әдістері мен құрылғылар

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына,қатынас-қатынасына ақпараттық-коммуналдық кеңінен қолданысқа енуі өте маңызды рөл атқарады. Жылдам дамып келе жатқан қоғамды ақпараттық қоғамға айналдыру шарт болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет