ӛркениеттің кері ықпалдарына қарсы «сүзгіш» ретінде қарастырып, одан
адамзаттың моралды жетілуінің жетістігін кӛрді. Швейцердің адамзат
болашағына деген оптимистикалық кӛзқарасы діни нақышта болды. Оның
дүниегекӛзқарасы
әртүрлі
философиялық
концепцияларды
біріктіріп
қарастырғандықтан, бірқалыпты жүйеде болған жоқ. Швейцер мәдениет
философиясында мәдениеттің бірлігі мәселесі ерекше орынға ие. Оның ойынша
еуропалық мәдениет шығыс мәдениетінің құндылықтарын теріске шығарып
немесе шеттетемін деп кӛп нәрседен айрылып қалды.
«Үнді ойшылдарының
дүниегекӛзқарастары»
атты еңбегінде Швейцер ӛзара түсіністік пен ӛзара етене
араласудың соншалықты қиындығына қарамастан Батыс пен Шығыс
мәдениеттері бір-бірімен үйлескен және тек ӛзара әрекетке барғанда ғана бірі
екіншісін толықтыра алады деп атап кӛрсетті. Қазіргі заманғы жалпы
планетарлық ақпараттық кеңістік жағдайындағы ұлттық және аймақтық
мәдениеттердің ӛзара толығуымен ӛзара ықпалын Швейцер әлемдік
жалпыадамзаттық мәдениеттер бірлігіне апаратын шынайы жол деп
қарастырды.
ХІХ ғ. басындағы
мәдениет философиясы
XVIII ғ. соңындағы
революциялық оқиға байланысты бейбітшілікке бағытталған ағартушылардың
белгілі әрекеті болды. Ағартушылар сенген ақылдың патшалық ету кезеңі бола
қоймады. Мәдениетке бағытталған кӛзқарастардың орталығында тұрған
рационалды индивид сынақтан сүрінді. Ол әдеттер мен наным-сенімдерге
таңылған қырсық әрі құбылмалы болып шықты, оған Мен де Биран
философиясындағы
«Мен»
теориясы дәлел бола алады. Бір ғана ұрпақ кӛз
алдында ӛзгерген қоғам оның ӛміріндегі абсолюттік уақыттан тыс заңдардың
спекулятивті жағдайына күмән туғызды, ал жаратылысты ғылымдар дамуы
болса, жағымды ілімдерге сүйенген адам мен қоғам туралы айғақтар алу
міндетін алға тартты. Мәдениет философиясының ары қарайғы қалыптасуы
үшін институттардан тыс адамның жеке еркіне және ӛзінің ішкі заңдарына
тәуелсіз органикалық бүтіндікті сипаттайтын қоғамдағы ӛзгерістер маңызды
болды.
Достарыңызбен бөлісу: