Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет9/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
Ӛзін тексеру сұрақтары 
1.
Латындық «cultura » және шығыстық «маданият» сӛздерінің тектік 
ұғымдарын салыстырыңыз? 
2.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін атаңыз? 
3.
Мәдениеттану ғылымының негізін қалаушы деп кімді есептейміз? 
4.
Мәдениеттану ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін баяндаңыз? 
5.
Мәдениет субъектісі. 
Б) Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік теориясы 
Мәдениеттің шығу тегі туралы ілім және мәдениет тарихы мен 
мәдениеттануда мәдениеттің пайда болу процесін алғашқы тас құралдарынан 
бастап құралдық процесс дамуының қалыптасуымен тығыз байланысты 
әлеуметтік 
заңдылықтарды 
белгілеу 
үшін 
қолданылатын 
ұғымды 
«культурогенез»
деп атаймыз. Ал мәдениет тарихындағы әр түрлі белгілерді 
жіктеуді типтеу деп атап, осыған байланысты типологияны қалыптастырамыз. 
Типология:
1) 
объектілер жүйесін жіктеу және оның байытылған, 
идеалдандырылған үлгісі мен типтері арқылы топталған ғылыми таным тәсілі; 
2) типологиялық суреттеу мен салыстыру нәтижесі. Әлеуметтік-мәдени әлемнің 
кӛптүрлілігі мен кӛптектілігін мойындау мәдениеттің тарихи типологиясын 
құруда түрлі кӛзқарастарға алып келеді. Тарихтың бастапқы кезеңдерінің 
жіктелуін қазіргі заманғыға ұқсас етіп алғаш рет 
Лукреций Кар
(б.э.д. 99-55) 
«Заттар табиғаты туралы»
атты поэмасында берді. Ол ежелгі адамның еңбек 
құралын жасауын ӛз жіктемесінің негізі етті. Типологизация таңдалынған және 
концептуалды негізделген түсіндірмелер немесе эмпирикалық және 


теоретикалық негіздемелер арқылы ӛтеді. Оның морфологиялық және 
құрылымдық (статикалық); процессуалды (динамикалық); генетикалық, 
салыстарамалы-тарихи процедуралары арқылы ажыратуға болады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына 
байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениет түрлерінің ӛте кӛптігі және 
олардың әрқайсысының жекедаралығы әлеуметтік концепция болып табылатын 
«мәдени-тарихи типтер»
теориясының негізін қалады. 
«Мәдени-тарихи 
типтер» 
теориясы сызықтық-еуропоорталықтық тарих концепциясы мен 
тарихи процестердің эволюционистік түсіндірмесіне қарсы тезис ретінде 
қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаушы - 
Н.Я. Данилевский.
Оның ары 
қарайғы дамуы О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин еңбектерінде ӛз жалғасын 
тапты. Осы 
«мәдени-тарихи типтер»
теориясының жақтаушылары Кант
Гегель және Гумбольдтен бастау алған қоғамдық-тарихи мектепке 
шоғырланды.
Жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич 
Данилевский 
«Ресей және Еуропа»
(1869) атты ерекше еңбегінде О.Шпенглер 
мен А.Тойнбиден бұрын бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз 
күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас 
«мәдени-тарихи типтердің»
тіршілік 
ететіндігі туралы идеяны негіздеген болатын. Олар да биологиялық түрлер 
сынды табиғи алдын-ала анықталған пайда болу, гүлдену, қартаю және ӛлім 
стадияларынан ӛтеді. Н.Я. Данилевский оның тарихи түрде ӛзіндік пайда 
болуын 4 топқа бӛледі: 
діни, мәдени, саяси
және 
әлеуметтік-экономикалық

Оның есептеуінше тарих жүрісі мемлекеттілік арқылы «этнографиялық» 
күйден ӛркениеттік деңгейге дейінгі жолда бірін-бірі ығыстырып отыратын 
«мәдени-тарихи типтер»
ауысуымен айқындалады. Ғалым біріңғай әлемдік 
мәдениет тіршілігін теріске шығарды. Оның пікірінше, адамзат тарихы ӛзіндік 
жеке дара мәдени-тарихи типтерден құралады және даму сатысы барлық әлемге 
бірегей, жаппай жүруі тиіс, ал батыс Еуропа тарихи ерекшеліктерінің бар 
әлемге еш қақысыз кӛшірілуі дұрыс емес. Мәселен, славяндық мәдени-тарихи 
типті дамыту және сақтау Ресейдің тарихи міндеті. Батыс Еуропа, Ресей мен 
славяндыққа кері кӛзқараста, сондықтанда славян халықтары ӛздерін жоюға 
ұмтылған батысқа қарсы күреске дайын болып, мықтап бекінуі тиіс, ол үшін 
славяндардың басын біріктіру қажет. Н.Я. Данилевскийдің мұндай қызықты 
ойы мәдени-тарихи типтер концепциясын жасаушы кӛптеген ғалымдардың 
назарына ілігіп, біршама талқылау-тартысқа түсті. Кітап автор қайтыс болғанан 
кейін де оның досы Н. Страховтың қадағалауымен бірнеше рет қайта басылып 
шықты. Ӛз ойын қорытындылай келе, Н.Я. Данилевский тарихи дамудың 
бірнеше жалпы тұжырымдарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет