Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
А) Мәдени антропология 
Мәдени антропологияны ағылшын тілді елдерде кӛбіне 
әлеуметтік
немесе 
әлеуметтік-мәдени антропология
деп атайды, соңғы онжылдықта Франция мен 
континенталды Еуропаның басқа да елдерінде де мәдениет туралы ғылым 
осындай формаға ие болған. Әйтсе де мәдениет кең мағынада материалдық 
объектілер, идеялар, құндылықтар, жүріс-тұрыс үлгілері мен кӛрністерінің 
жиынтығы ретінде түсніледі. Қазіргі заманғы мәдени антропологияға мәдени 
құбылыстарды ұғыну, мәдениетті биоәлеуметтік адаптация формасы ретінде 
түсіну, сонымен бірге, мәдени релятивизмнің этикалық және әдістемелік 
принципі баспалдақты даму деңгейіне тәуелсіз әрбір мәдениеттің ілгерілемелі 
әмбебапты құндылықты бойына сіңіре алатын холистік ыңғай тән. «Холизм» 
гректің «бүтін» сӛзінің аудармасын беретін танымдағы жүйелік әдістемелік 
және жүйелік парадигмасын жетілдірумен байланысты ХХ ғ. енген ұғым. 
Холизмнің орталықтық ұғымы «бүтін» категориясы. Холизм концепциясы 
Бергсоннің «шығармашылық эволюциясы», Уайтхедтің «философия процесі» 
үлгілеріне, феноменологияға, гештальтпсихологиясына, ғылым философиясына 
айтарлықтай ықпал етті. 
Мәдени антропология
универсалды интерэтникалық формадағы адамдық 
мәдениеттің негізгі институттары туралы жалпылама ілім ретінде кӛрінеді. 
Бұған қоса ӛте кӛп мамандандырылған аймақтар тіршілік етеді, олардың 
қатарында: экологиялық, экономикалық, саяси, урбанистикалық, аграрлық
медициналық антропология, еңбек, білім антропологиясы және т.б. 
Мәдени 
антропология 
ӛзіндік ғылым ретінде әдепкіде 19 ғасырдың 30-шы жылдарының 
аяғы мен 40-шы жылдардың аяғында этнология атымен рәсімделеді. Ал 
антропология термині 19 ғ. 70-ші жылдары бекітіледі. Антропологияны пән 


ретінде оқыту 1879 жылы АҚШ-тағы Рочестер университеті мен 1884 жылы 
Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінен басталды. Қазіргі заманғы 
антропологияның қалыптасуы тамыры сонау антикалық дәуірден бастау алатын 
антропологиялық ойлар дамуының ұзақ мерзімін ӛтті. Атап ӛтсек, Демокрит 
пен Лукреций Кар антропосоциогенездің ерекше концепциясын құрастырды, 
Гиппократ әлеуметтік-психологиялық және саяси құбылыстардың табиғи-
географиялық шарттылығы туралы идея ұсынды, Корнелий Тацит 
ӛркениеттілік пен варварлықты қарама-қарсы қойды: «ертедегі рим 
тарихшыларының ізденістері дұрыс бағытта. Онда азаматтық, идеалдарға деген 
сенімділік, жанұяға деген махаббат сияқты әлеуметтік мәні бар адамзаттық
ӛнегелік құндылықтар бар, бірақ сонда да адамның ішкі дүниесінен, жан 
сарайынан бір дабыл сезімі сезілетін секілді». 
16-18 ғғ. Еуропадағы антропологиялық идеялардың белсенді дамуы Ұлы 
географиялық 
ашылымдар 
нәтижесіне 
байланысты 
этнографиялық 
ақпараттардың тез қарқында кӛбеюімен танылды. Осы кезде біршама 
танымалдылыққа ие болған «бақытты жабайы» концепциясы П.Мортир, 
М.Монтень, Ж.Ж.Руссо және Д.Дидро еңбектерінде жалғасын тапты. 19 
ғасырдағы антропологияның қалыптасуына А.Фергюсон, Кондорос және Тюрго 
жасақтаған тарихи процесс идеясы үлкен ықпалын тигізді. Неміс классикалық 
философиясының, оның ішінде Гердердің жұмыстары мен 18 ғ. аяғы мен 19 ғ. 
басындағы еуропалық фольклористика мен этнографиядағы «мифологиялық 
мектеп» деп атаса да болатын компаративистік бағыт ықпалды болды. Тарихи 
тұрғыдағы алғашқы таза антропологиялық бағыт 19 ғ. екінші жарытсындағы 
Ұлыбритания мен АҚШ-тағы эволюционизм болды. Оның барынша танымал 
ӛкілдері Тайлор мен Морган барлық халықтар және мәдениеттің жеке 
институттары (отбасы, дін т.б.) белгілі бір дамудың эволюциялық кезеңдерінен 
ӛтеді деп шамалады. Дәл осы ой арқылы адамзатттың мәдени кӛптүрлілігі 
түсінілді. Эволюционистерге қарағанда диффузионизм жақтаушылары 
мәдениет дифференциациясын мәдениаралық ықпалдастықтар құбылысы деп 
түсіндірді. Герман-Австриялық диффузионизм мектебінің кӛшбасшылары 
Ф.Гребнер мен В. Шмид тұжырымдауынша мәдени элементтердің белгілері бір 
кездері бірнеше «мәдени шеңберлер» аясында болған, кейіннен басқа халықтар 
арасында таралып кеткен. Диффузионизмнің ағылшындық мектебінің ӛкілдері 
У.Смит пен Э.Пери болжамынша ӛркениетке жататын маңызды элементтердің 
шығу орталығы ежелгі Египет болып табылады.
ХХ ғасырдың басында эволюционизмді АҚШ-тағы Боас негізін қалаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет