Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
мәдени партикуляризм мектебі
сынға алып, мәдени құбылыстар аймағындағы 
генерализация мүмкіндігін теріске шығарды. Олар әрбір мәдениеттің ӛзіндік 
ерекшелігін негізге ала орытып, 
мәдени релятивизм
принципін алға тартты. 
Боас схоластикалық теоретикаға қарсы келіп, бұл турасында ӛте кӛп 
материалдар жинау керектігін айтты. Эволюционализм мен диффузионизмнің 
басқа сыншылары британдық функционалистер Малиновский мен Радклиф-
Браунда эмпирикалық материалдарды жинау қажеттілігін жақтап, оны 
антропологиялық теория құру үшін база ретінде қолдану керектін ескерді. 


Малиновский пікірінше, мәдениет тұтас құбылыс, ондағы белгілі бір қызметті 
атқаратын әрбір элемент қоғамдағы адамның базалық немесе ӛндірістік 
қажеттілігін қанағаттандырады. Осы уақытта Радклиф-Браун мәдениеттің 
жекелеген элементтерінің қоғамның әлеуметтік құрылымын кӛтеру мақсатында 
қызмет етендігіне кӛңіл бӛліп, оны әлеуметтік қатынастардың басты торабы 
ретінде түсінді. 1920 –шы жылдары АҚШ-та 
«мәдениет және тұлға»
атына ие 
болған тағы бір теоретикалық бағыт қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы 
Боастың шәкірттері 
Р.Бенедикт пен М.Мид
. Олар Боастың антиэволюционистік 
сипаты мен З.Фрейдтің концепциясынан ажырап шығып, мәдени 
дифференциадағы негізгі рӛлді балалық тәрбие формасындағы қоспа ойнайды 
деген тұжырымға келді. Осы уақытта этнология мәселелерімен танымал болған 
Э.Дюркгейм шәкіртерінің мектебі Францияда қалыптасып жатқан еді. Бұл 
бағыттың кӛшбасшысы болған Мосс - этникалық психололгияның дәстүрлі 
формаларының ауысымы тарапындағы ерекше зерттеулердің авторы. 
Дюркгейм мектебіне ұжымдық пікірлер деңгейіндегі алғашқы қауымдық ойлау 
мен қазіргі заманғы ойлаудың принципиалды ерекшеліктері туралы 
концепцияны жасақтаған Леви-Брюл жақын болды. 1926 жылы Париж 
университетіндегі этнология институтының құрылуы Мосс және Леви-Брюл 
есімдерімен тығыз байланысты екендігін атап айтқан жӛн.
Соғыстан соң Францияда мәдени антропологиядағы жетекші бағыт 
структурализм болды, ал оның кӛшбасшысы сол кездегі танымал 
антропологтардың бірі Леви-Стросс етін. Лингвистика және когнитивтік 
психологиядағы әдістерге сүйене отырып Леви-Стросс мәдени және әлеуметтік 
әрекеттерді анықтайтын менталды құрылым бар деген тұжырымға келді. Оның 
концепциясы адамдардың мәдени элементтерді ӛз бетінше жіктеп, ӛзінің оған 
деген қатынасын анықтай алатындай мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі 
Британдық антропологияда Радклиф-Браун ізін жалғастырған Эванс Притчард 
пен Глакман жоғарғы орынға ие болды. Олар жанжалдасу феноменін қоғам 
құрылымының құрамдас элементі ретінде қарастырып зерттегені үшін танымал. 
Соғыстан кейінгі американдық антропология үшін ең бастысы эволюционизмді 
ақтау. Онда адамзат прогресі оның қолданған энергиясы кӛлеміне тәуелді деген 
ерекше концепция авторы және осыған орай 
«Уайт заңы»
деген атақ алған 
Лесли Уайт еңбегі мол. Жаңа немесе неоэволюционизм ӛкілдерінің бірі 
Д.Стюарт әрбір мәдениет дамуының қайталанбастығын есепке ала отырып
кӛпсызықтық эволюция концепциясын ұсынды. Стюарттың қоршаған орта мен 
мәдениеттердің ӛзара әрекеттері мәселесіне қызығушылық танытуы оны 
экологиялық антропологияның негізін қалаушы деп есептеуге болатындығын 
нұсқап тұр. Қазіргі заманғы американдық антропологиядағы ерекше орынды 
дәстүрлі мәдениетті зерттеу үшін мәтінді тәржімалауды қолданған К.Герц 
иеленеді. Ресейдегі және Кеңес одағындағы мәдени антропологияның дамуы 
ӛзіндік айрықша сипатта 
(Новейший философский словарь / Сост. Грицанов А.А. - Мн.:
Изд. Скакун В.М., 1998. - 896 с.).
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Н.Миклухо-Маклай, 
В.Богораз, Л.Штеренберг, М.Довнар-Запольский сынды кӛптеген этнограф-
практиктер эволюционизм идеяларын түсіндірумен айналысты. Әлеуметтік 


қатынастар дамуының әмбебапты кезеңдік формалары ретіндегі қауымдық 
жерге иелік ету және қауымдастыққа арналған М.Ковалевскийдің еңбектері 
теоретикалық сипатта үлкен қызығушылық танытты. Революциодан кейінгі 
маркстік бағыттағы ерте эволюционизм кезеңі теоретикалық ой дамуына балта 
шапты. 
Бұл 
«буржуаздық» 
этнологиядағы 
жаңа 
тенденциялардың 
белсенділігіне алып келді. 60-70 жылдары 
этностар теориясы
шеңберінде 
бірнеше ерекше концепциялар пайда болды. Оларды құрушылар 1920-шы 
жылдары орыс ғалым-эмигрант А.Широкогоров жасақтаған концепциядан 
әртүрлі дәрежеде алыстап отырды. Атап айтсақ, этнос концепциясымен 
қоғамдық-экономикалық формациялар туралы маркстік ілімді біріктіріп, осы 
негізде этно-әлеуметтік қауымдар эволюциясының үлгісін құруға талпынған 
Ю.Бромлей еңбегі. А.Арутюнов пен Н.Чебоксаров ұсынған адамзаттың 
этноәлеуметтік және биологиялық топтарының тіршілік ету механизмі ретіндегі 
ақпараттың берілуі туралы идеялары танымалдылық жағынан Бромлейден асып 
түсе алмады. Маркстік дәстүрді ашық түрде теріске шығарып, этностарды 
ӛзіндік айрықша заңдарына сәйкес дамитын биоәлеуметтік феномендер деп 
қарастырған Л.Н. Гумилев концепциясының шоқтығы барлығынан биік болды. 
Л.Н. Гумилев пікірнше, әрбір этностың ӛзіндік ішкі құрылымы және ӛзіндік 
қайталанбас қасиет-бітімі болады. Осы түрлі құрылымдағы, түрлі қасиет-
бітімдегі этностардың бір ӛкілі екіншісінің арасында болған соң ӛз білгенін, 
пайымдап түйгенін ӛз ортасына жеткізеді. Айтушының кӛрген-білгені ӛзіне де, 
тыңдаушысына да әрі қызық, әрі таңсық, әрі соншалықты жат, тіптен кейде 
тұрпайы да болып кӛрінеді. Адамзат әулетімен бірге жалғасып келе жатқан 
этнография 
ғылымының тегі осыдан бастау алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет