Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары 
1.
Мәдени антропологияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихи 
жолдарына тоқталыңыз?
2.
Осы салаға еңбегі сіңген ғалымдар қатарын атап, негізгілеріне 
тоқталыңыз. 
3.
Американдық Боастың эволюционизмге қосқан үлесін анықтаңыз?
4.
Боас шәкірттері Р.Бенедикт пен М.Мид қандай теоретикалық бағытты 
қалыптастырды және оның маңызы.
5.
Соғыстан кейінгі мәдени антропология тарихы.
Ә) Тұлға мәдениеті
Тұлға дегеніміз 
біріншіден,
қоғамдық дамудың жемісі іспеттес индивидті 
белгілі бір қоғам немесе ұйым мүшесі ретінде дәріптейтін әлеуметтік мәнді 
қасиеттерінің жиынтығы. Адамға берілген бұл әлеуметтік сипаттама, адамның 
әлеуметтік тәжірибе жинауымен оны дамытуы, байытуы, жеке дара игеруі 
ӛлшемімен анықталады. 
Екіншіден,
Э.Фромм сӛзімен жеткізсек: «мен тұлға сӛзі 
астарынан индивидті сипаттайтын және оны ерекшелендіретін туа біткен және 
жүре енген психикалық қасиеттер тұтастығын түсінем». Тұлғаның ӛзін-ӛзі 
жетілдіруінің ең ұтымды тәсілі тек мәдениет арқылы ғана кӛрінеді. Себебі тұлға 


ӛзінің ішкі бірлігін басқа адамдармен және келешек ұрпақ үшін жиналған 
шығармашылық тәжірибе арқылы мазмұндай алады. Бұл мазмұнды мына 
заңдылық арқылы саралауға болады: адам неғұрлым мәдени-тарихи тәжірибе 
жинап, оны ӛз дамуы мен жетілуіне жұмсаса, ол соғұрлым тұлға ретінде 
айқындала 
түседі. 
Тұлғаның 
қасиетті 
құпиясы 
шығармашылықты 
шабыттандыратын және мәдениетті қайта ӛңдейтін - еркін рух. 
Тұлға мақсаты
мәдениетті жаңа шығармашылық шарықтаудың бастамасы және баспалдағы ете 
отырып, ӛзінің рухани күш-жігерін аямай жұмсау. ХХ ғ. тұлғаны түсіну мен 
оның болмысы мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛліп, үлкен еңбек сіңірген З.Фрейд, 
К.Г.Юнг, Н.А.Бердяев, А.Камю, Ж.-П.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Х.Ортега-
и-Гассет, Э.Фром, А.Н. Леонтьев және т.б. ғалымдар есімін атағанымыз абзал. 
Тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық теорияларына талдау жасай отырып 
отандық ғалымдар оның 
үш бӛлікті құрылымдық 
компоненттерден тұратынын 
дәлелдеген: 
біріншіден,
тұлғаның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын 
жетілдіру; 
екіншіден,
адамзаттық ӛркениетті тұлғаның бойын біртіндеп сіңіру
үшіншіден,
жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге 
белсене қатыстыру.
Адам мәдени құндылықтарды жасайды және пайдаланады, мәдениет 
ӛндірісінің процесі тұлғадан басталып тұлғамен аяқталады. Тұлға ұғымы 
кӛпқырлы. Күнделікті сӛйлеуде «адам», «индивид – нақты адам», 
«жекедаралық» және «тұлға» ұғымдары кӛбінесе бір мағынада қолданылады. 
Жеке адам немесе нақты адам адамзаттың жеке дара ӛкілі, оның барлық 
әлеуметтік және психологиялық белгілерінің, яғни ақыл-ойының, ерік-
жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. 
Тұлға 
– жеке адам 
дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық 
жүзеге асуы. Тұлға – барынша терең ұғым. 
Бір жағынан
ол ӛзінің жеке дара 
қасиеттері мен әлеуметтік рӛлдерін біріктіретін іс-әрекеттің субъектісін 
білідіретін нақты индивид мағынасын берсе, 
екінші жағынан
, тұлға индивидтің 
әлеуметтік қасиеттері деп түсініледі. Тұлға әлеуметтік жеке адам, саяси 
жүйенің ӛзіндік бейнесі бар алғашқы бӛлінбейтін элементі ретінде, саяси 
саладағы ӛзінің іс-қимылына, жеке басының жауапкершілігін алып жүруші, 
құқықтары мен бостандығы бар жеке адам ретінде қарастырылады.
Мәдениет 
үш қоспалы бірлік
түрінде кӛрінеді: 
бірі
, адамның рухани 
әлеміне тоғытылған ішкі мәдениеті; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет